Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында мұнай өндіруді

19.07.2021

Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында мұнай өндіруді тәулігіне 1,5 млн баррельге дейін арттырады

Ай сайын өндіріс тәулігіне 16 мың баррельге артады.


Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады, деп хабарлайды Kazinform.

 

18 шілдеде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты.



Министр өз сөзінде ОПЕК+ келісімі аясында қабылданған шаралардың арқасында әлемдік мұнай нарығындағы жағдай жақсы жаққа өзгергенін атап өтті. Қазақстан Келісімге қатысушы елдердің ағымдағы өндіру деңгейін арттыруды жақтады.

 

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін Келісімге қатысушылар тәулігіне 5,8 млн баррельге шектеуді алып тастағанға дейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге ұжымдық арттыру туралы шешім қабылданды.

 

ОПЕК+ аясындағы Қазақстан үшін квота тамыз айында тәулігіне 1,491 млн баррельді құрайды және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артады.



2021 жылдың желтоқсанында ОПЕК + елдері нарықтың жай-күйін және одан әрі мүмкін болатын шараларды талқылау үшін кездесу өткізеді.




Қарау саны: 1340
Сақталған: 09.12.2022




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!