ҚР Премьер-министрі

17.09.2021

Аскар Мамин Алматының инфрақұрылымдық дамуын тексеріп өтті

Премьер-Министр мегаполистің селден қорғау, энергетикалық, әлеуметтік, тұрғын үй және туристік инфрақұрылымының дамыту бойынша жұмыстар барысын тексерді.

Аскар Мамин Алматының инфрақұрылымдық дамуын тексерді, деп хабарлайды Үкімет Басшысының баспасөз қызметі.

Ол «Аюсай» және «Ақсай» сел ұстайтын бөгеттерінің, «Қарғалы» су тарту құрылысының салыну барысымен, сондай-ақ Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі мореналық көлдердің жай-күйімен танысты.

 

Сел бөгейтін «Аюсай» және «Ақсай» бөгеттерінің құрылысы Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің бір бөлігін, Алматы ГЭС каскадының объектілерін, Алматы қаласының автожолын – «Алма Арасан» санаторийін, Алматы қаласының Наурызбай ауданын сел тасқынынан инженерлік қорғауды қамтамасыз етеді.

 

Премьер-Министр бөгеттердің құрылысын белгіленген мерзімде – «Аюсай» бөгетінің құрылысын 2022 жылғы қазанда, «Ақсай» бөгетінің құрылысын 2023 жылы аяқтауды тапсырды.


Алматыдағы 2-ЖЭО-ны аралау кезінде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев
Министрлер кабинеті Басшысына мегаполисте көрсетілген ірі жылу электр станциясын, сондай-ақ Алматы энергия кешенінің басқа да нысандарын жаңғырту жобаларының іске асырылу барысы туралы баяндады.

 

Аталған жобаларды іске асыру атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын жылына 50,4 мыңнан 6,7 мың тоннаға дейін азайту арқылы қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға, сондай-ақ станциялардың жиынтық қуатын 472 МВт-тан – 1300 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретіні аталды.

 

Алматы қаласының индустриялық аймағында Асқар Мамин «Бижан ет өңдеу зауыты» ЖШС-на барды. Шұжық өнімдерін толық өндіру циклін қамтыған кәсіпорын тәулігіне 5,5 тонна өнім шығарады.


Үкімет басшысы сондай-ақ «КСМ ТехноВИД» ЖШС энергия тиімді сәулет қасбеттерін шығаратын зауыттың жұмысымен танысты. Кәсіпорынның қуаты жылына 475 мың шаршы метр энергия үнемдейтін ПВХ және алюминий профильді конструкцияларды құрайды. Зауыт үшін заманауи автоматтандырылған жабдық «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы лизингтік қаржыландыру шеңберінде сатып алынды.


«Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын, «Аюсай» және «Горельник» визит-орталықтарын аралау барысында Премьер-Министрге Алматы қаласында туризмді дамыту және тауларда туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндалды.

 

2021 жылдың 7 айында мегаполистің туризм саласына салынған инвестициялар 56,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,4 есе көп.


Қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту бойынша жобалар – қонақ үйлер, глэмпингтік және кемпингтік аймақтар, тауларда визит-орталықтар салу, тау жолдарын абаттандыру және т. б. іске асырылуда.

 

Премьер-Министр Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясын қайта құру жобасымен, сондай-ақ Алматы қаласындағы 350 төсек-орындық стационары бар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық жұқпалы аурулар ғылыми орталығының, «Жас Қанат» шағын ауданындағы жалпы ауданы 233 мың шаршы метр болатын көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.

 

Сапарға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов және т. б. қатысты.


Сонымен қатар оқыңыз: ҚР Премьер-Министрі Инвестициялық штаб отырсын өткізді



Қарау саны: 1466
Сақталған: 06.02.2023




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!