Қазақстан ТМД елдерінің Халықаралық экономикалық форумында көміртегі бейтараптығына

24.03.2022

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің "ТМД елдеріндегі "жасыл" күн тәртібі: дамудағы ынтымақтастық" Халықаралық экономикалық форумының жұмысына қатысты деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Ол Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы экономиканы терең декарбонизациялау жолында бағдарға айналатынын және мақсатқа қол жеткізу бойынша одан арғы іс-қимылдар үшін негіз қалайтынын хабарлады.


"Сарапшылардың есептеулері бойынша Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстанның ЖІӨ — нің энергия сыйымдылығы 2030 жылға дейін 38,9% - ға төмендеуі тиіс, электр энергиясын өндіру құрылымындағы көмірдің үлесі қуаттардың табиғи істен шығуы есебінен ағымдағы 68,9% - дан 40,1% - ға дейін төмендеуі тиіс", - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

 

Бұл ретте электр көлігін, орнықты ауыл шаруашылығын және экономиканың басқа да секторларын дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады.

 

Халықаралық ынтымақтастықты күшейту және жағымсыз салдарларды азайту үшін қазақстандық ұлттық заңнамаға климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі нормалар енгізіледі. Бұл жергілікті деңгейде климаттың өзгеруіне тұрақтылықты арттырудың тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді.

 

Министр сондай-ақ, Қазақстан бірнеше халықаралық жобалар аясында шығарындылар саудасының ұлттық жүйесін еуропалық жүйемен жақындастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады. Олар аяқталғаннан кейін республика халықаралық көміртегі нарығына қол жеткізеді. Шығарындылар саудасының қазақстандық жүйесін еуропалық жүйеге жақындату мүмкіндігі Париж келісімі бойынша міндеттемелерге қол жеткізу үшін парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайтуды ынталандыруға мүмкіндік береді.

 

Жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан осы үшін қажетті инвестицияларды іздей отырып, жаһандық әлемдік үрдістерді ұстануға ұмтылады.

 

"Бүгінде әлем елдердің батыл әрекеттеріне мұқтаж. Климаттың өзгеруіне байланысты жаһандық проблеманы шешу барлық мүдделі тараптардың белсенді қатысуын және тартылуын талап етеді, сондықтан осы мақсатқа қол жеткізу біздің бірлескен және жемісті жұмысымызға тікелей байланысты", — деп қорытындылады Бақыт Сұлтанов.



Қарау саны: 1935
Сақталған: 15.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!