Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі

30.03.2022

Әлихан Смайылов: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыруға кідіріссіз кірісу қажет


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған маңызды саяси өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық шараларды жүзеге асыру үшін Жалпыұлттық жоспар (ЖҰЖ) әзірленді, деп хабарлады primeminister.kz сайты.

 

Жоспар 10 негізгі бағыт бойынша 36 тармақтан тұрады. 

 

ЖҰЖ бірінші кезектегі іс-шараларының қатарында мынадай мәселелер көрсетілген: "Президенттің өкілеттіктері туралы", "Биліктің өкілді тармағын қайта қалыптастыру", "Сайлау жүйесін жетілдіру", "Құқық қорғау институттарын күшейту", "БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғамның рөлін нығайту", "Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру", "Елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру" және басқа да тармақтар. 

 

Премьер-Министрдің айтуынша, алдағы маңызды саяси реформаларды іске асыру конституциялық заңдар мен Президент өкілеттігі, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, мәслихаттардың, әкімдердің, партиялық құрылыс және басқа да мәселелер бойынша заңдарға өзгерістер енгізуді талап етеді.

 

ҚР заңнамасына әкімдер мен олардың орынбасарларына саяси партиялардың филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салу, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитетінің, Конституциялық кеңестің төрағалары мен мүшелерінің партиядан міндетті түрде шығуы туралы ереже енгізіледі.

 

Сондай-ақ Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының бір бағыты бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын құру, өлім жазасын жазаның бір түрі ретінде Конституциядан алып тастау, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін және оның Конституциялық сотқа жүгіну құқығын конституциялық регламенттеу мен кепілдігін қамтамасыз ету жоспарлануда. 

 

ЖҰЖ-ның оныншы бағыты шеңберінде қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуге, инфляцияны бақылауға және төмендетуге, көлік-логистикалық тізбектердегі алшақтықты қысқартуға, сыртқы сауда қызметін қолдауға және ынталандыруға, экономика салаларын қолдауға және инвестициялар тартуға бағытталған Дағдарысқа қарсы шаралар жоспарының жобасы әзірленетін болады. 

 

Отырыс аясында сөз сөйлеген Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қойылған міндеттерге толық жауап беретінін және келісудің барлық қажетті рәсімдерінен өткенін атап өтті.

 

Мемлекет басшысының "Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы" Жолдауын іске асыру жөніндегі отырыстың көпшілік бөлігінің соңында Әлихан Смайылов: 

"Бұл жоспарды жүзеге асыруға кідіріссіз кірісу қажет. Барлық бірінші басшылардың назарларын сіздердің жоспардың әрбір іс-шарасының сапасы мен уақтылы орындалуына дербес жауап беретіндеріңізге аударамын. Менің орынбасарларыма жоспардың бағыттарын қатаң бақылауда ұстауды тапсырамын".




Қарау саны: 1851
Сақталған: 15.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!