рус / eng / kaz    
     

Премьер-министр Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның

18.05.2022

Әлихан Смайылов экономиканы монополиясыздандыру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды 

 

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады primeminister.kz сайты.

Бұған дейін жауапты мемлекеттік органдарға салалық объектілер мен ұйымдарды жекешелендіруді жүргізудің негізділігіне, оның ішінде жеке операторларды құру бөлігінде талдау жүргізу тапсырылды.

 

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша бірқатар коммуникациялық, инфрақұрылымдық және өндірістік компанияларды мемлекеттік меншікке беру ұсынылды.

 

Бүгінгі таңда республикалық меншікке бірқатар кәсіпорындар мен мекемелердің акциялары мен қатысу үлестері қабылданды. Атап айтқанда, "Көліктік сервис орталығы" АҚ мүлкінің құрамында ұзындығы 250 км болатын 400-ден астам кірме темір жол бар.

 

Мемлекеттік меншікке ұзындығы 178 км болатын 138 кірме темір жолға иелік ететін тағы 25 компанияны қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

Бұл компаниялардың мемлекет меншігіне қабылдануы теміржол инфрақұрылымы саласындағы делдалдарды алып тастауға және осы қызметтерге бизнес шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

 

Комиссия отырысында халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін 205 объектіні (жылу, электр, сумен жабдықтау және басқа да коммуналдық қызметтер) Жекешелендірудің кешенді жоспарынан алып тастау мәселесі талқыланды.

 

Бұдан басқа, Комиссия ЖЖМ нарығын, газ саласын және өңірлік электр желілік компанияларды монополиясыздандыру жөніндегі шараларды қарады. 

 

Премьер-Министр осы бағыттарда жоспарланған іс-шараларды іске асыру үшін барлық қажетті заңды және ұйымдастырушылық сәттерді пысықтауды тапсырды.

 



Қарау саны: 105
Сақталған: 05.07.2022




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!