2022 жылдың қорытындысы бойынша

14.06.2022

Жаңа облыстардың пайда болуы тек осы өңірлердің ғана емес, бүкіл ел экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді, деп атап өтті Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ОКҚ брифингінде.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, әкімшілік-аумақтық өзгерістер 5 миллионға жуық азаматтың өміріне әсер етеді. Оның ішінде Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында 1,5 млн-ға жуық адам тұрады.

"Облыс орталықтарының мәртебесін қайтарумен Семей, Жезқазған және Қонаев дамудың жаңа серпініне ие болады. Бүгінде бұл қалаларда инфрақұрылымның тозуына, жолдардың сапасына, көлік жүйесінің жай-күйіне байланысты проблемалар бар. Жаңа мәртебе инвестициялар ағынын арттырады және жергілікті проблемаларды тиімді шешуге мүмкіндік береді", — деді министр.


Мемлекет басшысының жаңа облыстарды құру жөніндегі бастамасы халық, жұртшылық, аудандық және облыстық деңгейдегі депутаттар арасында қолдау тапты.

Үкімет барлық бағыттар бойынша үлкен жұмыс атқарды. Президенттің Жарлығын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 3 маусымында Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары қабылданды. Жол картасы 27 іс-шараны көздейді және ол орындалып жатыр.

"Жақын арада өңірлерде облыстық басқармалар құрылып, кадрлық тағайындаулар жүргізілетін болады. Үкімет тиісті қаулы қабылдады, оған қосымша бірліктер бөле отырып, қайта құрылған және құрылған облыстар аумағындағы әкімдіктердің штат санының лимиттері белгіленді", — деп хабарлады Әлібек Қуантыров.

Қазіргі уақытта жаңадан құрылған облыстарда аумақтық бөлімшелері құрылатын орталық мемлекеттік органдар үшін штат санын белгілеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдар құрылғаннан кейін бюджет пен коммуналдық меншікті облыстар арасында бөлу жөніндегі жұмыс басталады.

Жаңа облыс орталықтарында мемлекеттік органдар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне қажетті әкімшілік ғимараттар бар. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар облыс орталықтарындағы әкімшілік ғимараттарды сатып алу, жөндеу, жалға беру үшін қажетті бюджет қаражатының алдын ала көлемін анықтады.

"Алдын ала жалпы қажеттілік шамамен 12 млрд теңгені құрайды. Бюджет қаражатын бөлу мәселесі ҚР бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады", - деді ведомство басшысы.

Министр жаңа өңірлердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің күтілетін өсу қарқынына да тоқталды.

"2022 жылдың қорытындысы бойынша Абай облысы бойынша ЖӨӨ көлемі 2 трлн теңгеге дейін, Жетісу облысы бойынша 1,1 трлн теңгеге дейін, ал Ұлытау облысында ЖӨӨ 1,3 трлн теңгені құрайды деп күтілуде. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2022 жылы Абай облысы бойынша – 3,1 млн теңге, Жетісу облысы бойынша — 1,6 млн теңге, Ұлытау облысы бойынша бұл көрсеткіш 2021 жылғы деңгейде болжанып отыр және 5,5 млн теңгені құрайды", - деп нақтылады ол.


Алдын ала болжамдық есептер бойынша жаңадан құрылған Алматы облысы, алып қоюлардың ең аз көлемімен болса да, болашақта республикалық бюджеттің доноры бола алады. 



Қарау саны: 1629
Сақталған: 02.03.2024




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2023 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!