ҚР Ұлттық Банкі лездік төлемдер мен аударымдар жүйесін

21.06.2022

Қазақстан Ұлттық Банкі 24/7 режимінде әр түрлі банктердің клиенттері арасында жедел аударымдар мен төлемдерді жүргізу үшін лездік төлемдер жүйесінің (бұдан әрі – ЛТЖ) жаңғыртылған платформасын өнеркәсіптік қолданысқа іске қосты, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.     

Жүйе қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қызмет көрсететін қандайда бір  банкке қарамастан, онлайн қолжетімді болуы үшін және төлем құралдарын  пайдаланатын ыңғайлы әрі қарапайым төлем сервисін ұсыну мақсатында  әзірленген. Жүйенің функционалдығы ұялы телефон нөмірі арқылы аударымдарды  және әртүрлі банктің клиенттері арасында QR-код арқылы төлемдерді жүзеге  асыруға мүмкіндік береді. ЛТЖ қаржы институттары ұсынатын цифрлық қызметтердің ауқымын дамытып, кеңейтуге негіз бола алады.


Сервистерді іске қосу 2 кезеңде жүзеге асырылады:

Бірінші кезең – жеке тұлғалардың телефон нөмірі бойынша аударымдар (P2P-аударымдар).

Екінші кезең QR-код арқылы қолма-қол  ақшасыз төлемдер (ұлттық QR-код стандартына сәйкес) және сауда  ұйымдарының пайдасына жаңа төлем сценарийлерін, оның ішінде сұраныс  бойынша төлемдерді жүзеге асыру.

 

Сервистердің қолжетімділігі туралы ақпаратты клиентке қызмет көрсетуші банктің өзі хабарлайды.  Телефон нөмірі бойынша аударым жасау үшін ақша жөнелтушіге өз банкінің –  ЛТЖ қатысушысының ұялы қосымшасында алушының ұялы телефон нөмірін  енгізіп, аударым сомасын және алушының банкін көрсету жеткілікті болады.   Аударылған ақша алушыға оның ЛТЖ қатысушы банктегі шотына лезде түседі.  Ал, банктер өз клиенттері үшін P2P-аударым қызметтерінің тарифін дербес белгілейді.  

"Бүгінгі таңда екінші деңгейлі 9 банк ЛТЖ-ға  қатысу туралы келісім жасасты, оның 4-і өз клиенттеріне ЛТЖ қосып  қойды, қалған 5 банк қосылу процесінде.  Жаңа қызмет осы банктердің  мобильді қосымшаларындағы ішкі процестердің жетілдірілуіне қарай пайда  болады", - деп атап өтті қаржы реттеушісі.

 

Қазақстандық басқа да банктерге ЛТЖ қосу келісілген кестеге сай жоспарлы түрде іске асырылады.

 



Қарау саны: 1685
Сақталған: 18.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!