Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

23.06.2022

21 маусымда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында сөз сөйледі. Іс-шараға Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей Үкіметтерінің басшылары қатысты.

Әлихан Смайылов өз сөзінде бүгінде әлемдік сауда елеулі өзгерістерге ұшырап отырғанын атап өтті.

"Үдемелі шиеленіс, пандемиялық дағдарыс, жаһандық сауда және логистикалық байланыстардың үзілуі, гиперинфляция елдеріміздің тауар өндірушілеріне де, қызмет жеткізушілеріне де теріс әсер етті. Айырықша ерекшелігі, бұл сілкіністер бизнестің барлық түрлерінің: шағын, орта және ірі өкілдеріне әсер етті", — деді ҚР Премьер-Министрі.


"Біз Еуразиялық экономикалық одақтың қызметін трансформациялау қажет болатын жаңа шындықта тұрмыз", - деп атап өтті Әлихан Смайылов, осы бағыттағы бірқатар басым міндеттерді көрсете отырып.

Атап айтқанда, ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, ЕАЭО өңірі бизнесті дамыту үшін зор әлеуетке ие, бұған көбінесе шарттық базаның жетілмегендігімен және елдік протекционизммен байланысты кедергілер кедергі келтіруде.

"Экономикалық бірлестіктің жетістігі оның барлық мүшелерінің әрекеттеріне байланысты. Бір кедергілердің туындауына басқа кедергілер ықпал ететінін белгілі. Біздің мемлекеттеріміздің экономикасының өсуі мен азаматтарымыздың әл — ауқаты үшін өмірлік маңызды шарт болып табылатын еркін нарықты қамтамасыз етуде күш-жігерді біріктіру қажет", - деп атап өтті ҚР Үкіметінің басшысы.

Сондай-ақ, құрауыштарды, шикізатты және дайын өнімді жеткізудегі ағымдағы іркілістер өнеркәсіптік кооперацияның жеткіліксіз деңгейі проблемасын ашты.

"Нақты кооперациялық жобалар өнеркәсіптің барлық салаларында – машина жасау және жоғары технологиялардан бастап тамақ өнімдері мен медициналық бұйымдар өндірісіне дейін қажет. Инновациялық және бәсекеге қабілетті өнім жасау мақсатында нақты жобаларға ден қоюды ұсынамын", — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрі қазақстандық бизнес үшін аса маңызды мәселелердің бірі ЕАЭО-ның барлық аумағы бойынша кедергісіз транзитті қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.

Осыған байланысты ол әріптестерін жеделдетілген және оңайлатылған транзитті, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз ету мәселесінде неғұрлым икемді және сындарлы болуға шақырды.

"ЕАЭО оның мүшелерінің бірлестіктің іргелі қағидаттарына бейілділігін сақтай отырып және ағымдағы күрделі жағдайларда Еуразиялық экономикалық интеграцияның барлық қатысушыларына пайда әкелетініне сенімдімін. Бұл ретте барлық елдер үшін өзара тиімді жағдайларда даму жолымен жүру үшін ұлттық мүдделер мен интеграциялық процестер арасында теңгерім табу қажет", – деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

 



Қарау саны: 1675
Сақталған: 18.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!