Қазақстандықтар қызметтердің 66%-ын ала алады

29.06.2022

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандық банктердің клиенттерінің деректерін қорғауға ерекше назар аударуды тапсырды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Мемлекеттік қызметтер азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды элементі болып табылады. Бір жыл ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны екі есеге артты. Қызметтердің 66%-ы халыққа қарапайым смартфон арқылы көрсетіледі. Бүгінде азаматтардың 18 құжаты цифрлық нысанда қолжетімді", - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысы барысында. 


Министрлер кабинетінің басшысы көптеген электрондық қызметтер мен базалардың интеграциясы азаматтардың қандай да бір органдарға жүгіну қажеттілігін болдырмайтынын атап өтті.

 

"Бұл жұмысты жалғастыру қажет. Елімізде электрондық банк қызметтері белсенді дамып келеді. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін банктік қосымшаларда мемлекеттік қызметтер сервистері енгізіліп, қорғаудың заманауи тәсілдері қолданылады. Алаяқтықтың жиілеп кеткен жағдайларына назар аударып, банк клиенттерінің деректерін қорғауды күшейту қажет", - деді Әлихан Смайылов.

 



Қарау саны: 1641
Сақталған: 18.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!