Электрондық мемлекеттік қызметтер, цифрлық ипотека, ҚР-да IT-саласын дамыту

29.06.2022

28 маусымда Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және IT-саласын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.  

Аталған тақырып бойынша Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе және "Терриконовая долина" IT-Hub дамыту жөніндегі директоры Александр Дорошенко баяндама жасады  .

Цифрлық ведомство басшысы Бағдат Мусиннің айтуынша, бизнес-үдерістердің реинжинирингімен байланысты реформалар 1300-ден астам қызмет түрінен тұратын мемлекеттік қызметтердің жаңа тізбесін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

"Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 93% - ы онлайн қолжетімді, бірақ кейбір мемлекеттік органдар бұл жұмысты әлі жетілдіре алмай отыр. Осы жаңа бастама негізінде біз автоматтандырудың жетілдірілген метрикасын енгізудеміз", — деді Бағдат Мусин.

Статистикалық деректерге сәйкес, белсенді және толық автоматтандырылған қызметтердің, яғни адами факторсыз құрылатын қызметтердің саны 6% - ды құрайды.

Цифрландыру министрлігі жүргізген талдау мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі, яғни адами фактор жасайтын қызметтер саны шамамен 85% - ды құрайтынын көрсетті.

Баяндама барысында цифрлық ведомство басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізіп отырған маңызды әлеуметтік қызметтерді проактивті форматқа көшіру жөніндегі ауқымды жұмысты да қозғады. Цифрландыру министрі атап өткендей, бұл қызметтер халық арасында өте жақсы бағаланады.

Министр атап өткендей, бүгінде көрсетілетін электрондық қызметтердің саны бойынша оң өзгерістер байқалады. EGOV Mobile мобильдік қосымшасында цифрлық қызметтерге сұраныс екі есе өсті.

Ағымдағы жылдың соңына дейін ЦДИАӨМ сыртқы платформаларға ең өзекті 20 мемлекеттік қызмет шығаруды жоспарлап отыр. SMS арқылы заңсыз тіркеу мәселесі де шешілді. Байланыс орталығының күту уақыты 5 минуттан 20 секундқа дейін қысқартылды.

Сондай-ақ, ведомство басшысы адам факторынсыз ұсынылатын азаматтарды құжаттандыру бойынша жаңа перспективалық жобаны іске асыру туралы айтып берді. Бағдат Мусиннің айтуынша, егер бүгінде орташа есеппен 20-30 минут кетсе, онда терминалдарды орнатқан кезде процесс 5-10 минутқа дейін қысқарады.

"Бейне ХҚКО" жобасы шеңберінде Министрлік мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2025 жылға дейін азаматтарға осы тәсіл арқылы консультациялар мен қызметтер ұсынуды жоспарлап отыр. Министр атап өткендей, мұндай тәсілмен 13 қызмет қолжетімді, ал жыл соңына дейін олардың саны 63-ке дейін өседі.

"Біз ХҚКО-ларда QR арқылы баж салығын төлеу мүмкіндігін енгіздік. Нәтижесінде, 5 айда азаматтардың қаражатын үнемдеу 205 млн теңгені құрады. Барлық баждарды QR арқылы төлеу керек екенін атап кеткен жөн. Өз кезегінде, бұл азаматтардың қаражатын үнемдеп қана қоймай, көлеңкелі экономиканы жоюға тағы бір қадам жасауға мүмкіндік береді", — деді цифрлық даму министрі.

Ипотека беру үшін цифрлық платформа құру туралы мәселені қозғай отырып, Бағдат Мусин банктердің қатысуымен ипотеканы ресімдеу процесі түбегейлі қайта қаралғанын хабарлады.

"Сонымен қатар, отбасы банктік платформа арқылы тапсырған пәтерлерге мемлекеттік субсидияға 11 160 тапсырыс берілді. 6 мыңнан астам адам оң шешімге ие болды. Блокчейн-технологиялар есебінен кепілді тіркеуді нотариустарсыз және ХҚКО-сыз ресімдеуге болады", - деп атап өтті баяндама барысында цифрландыру министрі.

Дебюрократизация жөніндегі Жарлық шеңберінде есептілікті қалыптастыру процесі оңтайландырылады. Нәтижесінде, жыл соңына дейін есептер санын 20% - ға қысқарту жоспарланып отыр.

Цифрландыруға байланысты саладағы заң шығару бастамасы шеңберінде қолданыстағы заңнамаға 100 түзетуді қамтитын 4 кодекс пен 16 заңға өзгерістер енгізілді.

Қолданыстағы салықтық жеңілдіктердің арқасында "Astana Hub" резиденттерінің саны 750-ден астам қатысушыға жетті. Google-мен бірге Silkway accelerator бағдарламасы іске қосылды. Қазақстан осы бағдарлама бойынша Орталық Азия елдері үшін негізгі әріптес болып белгіленді.

Цифрлық даму министрінің айтуынша, Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, 20 млн АҚШ доллары сомасына ерте венчурлық қаржыландыру қоры құрылды.

Сондай-ақ, ЦДИАӨМ басшысы жер қойнауын пайдаланушылардың, IT-компаниялардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу бойынша неғұрлым тығыз өзара іс-қимыл жасауына мүмкіндік беретін "SIMP" платформасын құру туралы баяндады.

Министр атап өткендей, 2021 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті қамту үлесі 67% - дан асты, бұл пандемиядан кейінгі оң көрсеткіш. 2020 жылы 44% болды.

IT-экожүйені дамытудың маңызды бөлігі адами капитал болып табылады. 

"Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-маман дайындау міндетін қойды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 22 мыңнан астам  IT мамандары дайындалды.. Ел өңірлерінде 3 IT-технопарк ашылды. 2021 жылы 7 жекеменшік инновациялық IT-мектеп ашылды. Биыл 4 жаңа мектеп ашылды. Балама білім ретінде өткен жылы 13 IT-мектеп 100 ваучер алды. Биыл 3 мың вұсынылады", - деді Бағдат Мусин.

Жоғары оқу орындарында ІТ-білім беру сапасын арттыру үшін Цифрлық даму министрлігі 14 факультетті бейінді IT-университеттермен біріктіруді жүргізді.

Министрліктің мәліметінше, IT-экспорт соңғы екі жылда 2 есе өскенін көрсетті. Өткен жылы IT-нарығының көлемі $3,6 млрд құрады.

Отандық компанияларды сыртқы нарықтарда қолдау үшін 8 шет елде таныстырылымдар көрсетілді. 

Сонымен қатар, шетелдік IT - компанияларды елге көшіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бағдат Мусин айтқандай, нәтиже бар, бұл бағыттағы жұмыс өз көрінісін табады.

Астана халықаралық қаржы орталығында экспат-орталық базасында "бір терезе" қағидаты бойынша шетелдік IT-мамандарға арналған арнайы қызмет іске қосылды. Бүгінгі таңда 1 мыңнан астам  IT мамандарына көмек көрсетілді.

"Баяндаманың соңында цифрлық және клиентке бағдарланған мемлекет құру үшін бізге деректерді қайта сұратуға толық тыйым салуды жүзеге асыру, деректер мемлекет пен шенеуніктерге емес, азаматтарға немесе бизнеске тиесілі деген негізгі қағидатқа негізделген кез келген анықтамаларды алып тастау қажет екенін атап өткім келеді", - деп түйіндеді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

 



Қарау саны: 1728
Сақталған: 18.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!