7 айда Қазақстан экономикасының

16.08.2022

Бүгін Премьер-министр Әліхан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады.

Салалар бөлінісінде көрсеткіштердің өсімі:
  • Нақты сектордағы өсім 3,4% құрады
  • Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік – 2,5%
  • Құрылыс – 8,6%
  • Ақпарат және байланыс – 6,5%
  • Сауда – 6,2%
  • Көлік және қоймалау – 5,6%

Инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 4,5% - ға жетті
  • Мемлекеттік басқару және әлеуметтік қамсыздандыру 99,2% өсім көрсетті
  • Білім беру – 74,8%
  • Сауда – 26,4%

Өңдеу өнеркәсібі оң қарқынын сақтап отыр: өсім - 4,9%.
Оң өсім 17 өңірде тіркелді
Ең жоғары көрсеткіштер: 
  • ШҚО – 15,3%
  • Алматы – 13,3%
  • Қостанай облысы – 12,3%
  • Абай облысы – 12,3%
  • Шымкент – 9,6%

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша өсімі: 
  • Автомобиль жасау – 19,6%
  • Компьютерлер, электронды және оптика құралдар жасау – 13,8%
  • Химия өнеркәсібі тауарлары – 10,6%
  • Сусындар – 9,1%
  • Машина жасау – 7,7%
  • Киім – 5,5%

Ауыл шаруашылығындағы өсім 2,1%-ды құрады.
Оң динамика 16 өңірде байқалады.

Барлық көрсеткіштер бойынша өсім 3 өңірде байқалады:
  • Шымкент
  • Қарағанды облысы
  • СҚО

Орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылады:
  • Азық-түлік тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін болдырмау
  • Инвестицияларды сүйемелдеуге кешенді тәсілін қолдану
  • Егістік өнімдерін уақтылы жинауды қамтамасыз ету
  • Қазақстандық өнімді экспорттауға және жаңа сауда нарықтарын іздеуге жәрдемдесу
  • Мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді ұсыну және бизнеспен сапалы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету


Қарау саны: 1561
Сақталған: 13.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!