2023 жылға ұсынылатын ЕТЖ, зейнетақы және АЕК мөлшері

26.08.2022

"Ашық НҚА" сайтында 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы ҚР Заңының жобасы жарияланды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

 

Құжатқа сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • жалақының ең төменгі мөлшері – 60 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері-21 907 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері-53 076 теңге;
  • жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш-3 450 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 40 567 теңге болып белгіленсін.

Сондай-ақ, заң жобасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 пайызға арттыруды ескере отырып көзделген.



Қарау саны: 475
Сақталған: 06.02.2023




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!