рус / eng / kaz    
     

ЭЫДҰ-ның баяндамасы

28.10.2020

Көптеген мемлекеттердің үкіметтері күрделі көп жоспарлы міндеттерге тап болады, оларды шешу көбінесе менеджменттің сапасына және басшылық құрамның көшбасшылық қабілеттеріне байланысты болып келеді. Мысалы, COVID-19 жаһандық пандемиясы азаматтарды да, мемлекеттік қызмет жұмыскерлерін де қорғауды қамтамасыз ете отырып, негізгі мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша жылдам шешімдер қабылдаудың шұғыл қажеттілігін көрсетті.  

Көшбасшылар деп мемлекеттік функцияларды басқару және жетілдіру құзыретіне жататын мемлекеттік қызметтің жоғары буынының өкілдері түсініледі. Олар мақсаты азаматтардың денсаулығы, қауіпсіздігі және экономикалық өміршеңдігі болып табылатын стратегиялық құжаттар мен мемлекеттік бағдарламалардың саяси бағытын қамтамасыз етеді. Алайда, тиімді жұмыс істеу үшін көшбасшылар алға қойылған міндеттерге қол жеткізуге көмектесетін қажетті дағдыларға да, институционалды қолдауға да ие болуы керек.

ЭЫДҰ - ның тиімділігі жоғары мемлекеттік қызметтің түйінді позициялары бойынша баяндамасының (бұдан әрі мәтін бойынша-Баяндама) ерекшелігі инновациялық саясатты қалыптастыру үшін көшбасшылық қасиеттерді дамыту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын нақты мақсаттарды шешуге арналған мемлекеттік қызмет үшін 14 қағидатты ашу болып табылады. Көрсетілген қағидаттар ЭЫДҰ-ға мүше 10 мемлекеттен тұратын топ жұмысының нәтижелері болды. 2017-2019 жылдар аралығында жүргізілген зерттеулер бірқатар елдердің орталық аппаратының басшылығы саласындағы мәселелерді талқылау барысында туындаған 9 кейске негізделген. Бұл кейстерді зерттеу келесі екі тақырыпқа арналған:
  • 1. Күрделі сын-тегеуріндерге ден қою үшін қажетті басшылық әлеуеті (дағдылар, құзыреттер және басқару моделі)
  • 2. Мемлекеттік қызмет басшылығының (МҚБ) қабілеттерін дамыту және қолдау көрсету үшін қажетті саясат, тетіктер мен құралдар
Шетелдік тәжірибемен ұсынылған 9 кейс Финляндия, Ирландия, Франция, Австралия, Канада, Израиль, Нидерланды, Эстония және Кореяның халықаралық тәжірибесінен жинақталған.

Болашақта мемлекеттік қызмет жұмысының негізін құрайтын 3 санат зерттеулердің негізгі элементтері ретінде айқындалды:

  1. Көрегендік. Қарқынды дамып келе жатқан қазіргі заманғы еңбек қатынастары ортасында, бір жағынан, дағдылар мен ресурстардың тапшылығы проблемасы, екінші жағынан, болжанбайтын өзгерістер болған кезде, кадрларды стратегиялық жоспарлау халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізіне айналады. Аталған проблемалар түрлі елдердің үкіметтерін озық білім мен дағдылармен оқыту үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге мәжбүрлейді.
  2. Икемділік. Мемлекеттік қызмет жүйелерінің көпшілігі тұрақтылық пен болжамдылыққа баса назар аудара отырып құрылды, алайда COVID-19 пандемиясына жауап беру процесінде дәстүрлі мемлекеттік қызмет жүйесінде белгілі бір кемшіліктер анықталды. Сондықтан мемлекеттік секторға түрлі деңгейдегі "сын-тегеуріндерге" бейімделуге мүмкіндік беретін икемді жедел рәсімдерді енгізу мемлекеттік қызмет жұмыс істеуінің ажырамас элементі болып табылады.
  3. Iске асыру. Мемлекеттік қызметшілер өз жұмысының құндылығы мен нәтижелілігін сезінуге тиіс. Осыған байланысты мемлекеттік аппарат кадр саясатын жоспарлау кезінде жұмылдыруға және нәтижелілікке назар аударуы қажет.
ЭЫДҰ мамандары көшбасшыларды даярлау процесіне міндетті түрде енгізілуі тиіс 6 элементке негізделген инновациялық дағдылар моделіне де талдау жасады. Сонымен қатар, Баяндаманы әзірлеушілер МҚБ-да төменде айтылған дағдыларды иелену қажеттілігінің жоқ екенін айтып кеткен (2-сурет) - олардың оңтайлы пайдаланылатыны да жеткілікті болып табылады.

Өз кезегінде, қазіргі жағдайдағы көшбасшылардың рөлі туралы айта отырып, баяндаманың негізгі идеясы көшбасшылардың рөлін қайта қарастыру болды. Өздерінің мықты жақтары мен сенімді командасын білуден басқа, көшбасшылар өз әріптестерімен бәсекелесуі керек. Осы мақсатқа жету үшін қызметкерлер күшті құндылықтарға ие болуы керек, бұл өз кезегінде жалпы уәждер мен мақсаттарды басшылыққа ала отырып, әртүрлі позициялар мен әдістерді енгізуге мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, оқырмандарға Баяндаманың әр бөлімінің негізгі құрамдауыштары бар тест тапсыруға мүмкіндік беріледі.

Шолудың толық мәтінімен ЭЫДҰ сайтында танысуға болады: http://www.oecd.org/innovation/leadership-for-a-high-performing-civil-service-ed8235c8-en.htm




Қарау саны: 772
Сақталған: 28.10.2020




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!