рус / eng / kaz    
     

Семинар-тренинг

08.12.2020

2020 жылғы 4 желтоқсанда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Біріккен Ұлттар Ұйымының «БҰҰ-әйелдер» құрылымымен бірлесіп «Қазақстанда гендерлік тәсілдерді және гендерлік бюджеттеуді енгізу»тақырыбында практикалық семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру секторларында 2017-2020 жылдар кезеңінде (Ақмола облысының мысалында) жоспарлау және бюджеттеу жөніндегі жергілікті атқарушы органның құжаттарына гендерлік талдау жүргізу бойынша зерттеуді орындау шеңберінде ZOOM платформасында онлайн форматта өтті.  
 
Аталған семинар-тренингке Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, Тұрақты даму мақсаттары  жөніндегі  Хатшылықтың сарапшылары қатысты. Сонымен қатар, семинар-тренингке үкіметтік емес ұйымдар шақырылды – бұл Нұр-Сұлтан ата-аналар қоғамдастығы кеңесінің төрағасы Г.Умарова және «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ өкілі. Қазақстанның әйелдер ҮЕҰ қазіргі уақытта әйелдердің жағдайын жақсарту, әйелдер жұмыссыздығы және олардың әлеуметтік-экономикалық өмірдегі рөлін жандандыру проблемаларын шешуге қабілетті.

Жаттықтырушы-кеңесші ретінде гендерлік бюджеттеу жөніндегі халықаралық сарапшы Светлана Гаращенко сөз сөйледі.

Алғашқы сәлемдесу сөз «БҰҰ-әйелдер» бағдарламасының маманы Г.Смаиловаға берілді, ол осы зерттеудің ұлттық саясаттағы, стратегиялар мен бағдарламалардағы гендерлік проблематиканы есепке алу жолымен стратегиялық жоспарлау мен бюджеттеудің мемлекеттік процестерін жетілдіруге бағытталған маңыздылығын атап өтті.  

Мәжіліс Депутаты И.Смирнова өз сөзінде гендерлік зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігіне және мемлекеттік саясат процестеріне гендерлік тәсілдер мен гендерлік бағдарланған бюджеттеуді енгізу әйелдер/ерлер, қыздар/ұлдар және халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделері үшін бюджет қаражатын әділ бөлуді қамтамасыз етуге әкелетініне назар аударды.

Әйелдер ҮЕҰ өкілдері мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету проблемасын атап өтті. Ерлер мен әйелдердің әртүрлі мұқтаждықтарына қатысты мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігін жақсарту гендерлік бюджетті енгізу қорытындылары бойынша күтілетін нәтиже болады.

Тренинг басында Светлана Гаращенко «Гендер және гендерлік теңдік» туралы, жыныс пен гендер әртүрлі сипаттамаларға ие екендігі туралы түсінік берді. Айқын айырмашылықтарға қарамастан, екі термин — жыныс және гендер — синонимдерге айналып, әлі де байқаусыз қолданылады. Бұл ұғымдардың айырмашылықтары практикалық мысалдарда қарастырылып, талқыланды. Тренингке қатысушыларға жыныс – бұл туылған кезде анықталған биологиялық ұғым, ал гендер – бұл өмірдің барлық саласында көрінетін ерлер мен әйелдердің қарым-қатынасы мен рөлдерінен құралған әлеуметтік жыныс екендігі айқын болды.

Халықаралық сарапшы гендерлік теңдікке қол жеткізудегі қиындықтар – бұл әйелдер мен ерлердің дәстүрлі түрде бөлінген гендерлік рөлдері, тұрақты қоғамдық стереотиптер мен танымдық наным-сенімдер екенін атап өтті.

Денсаулық сақтау саласындағы қызықты мысал қарастырылды –  Сovid-19 пандемиясы кезінде әйелдер қызметкерлеріне қауіп төндіретін медициналық қорғаныс. Дәрігерлер мен кәсіподақтар әйелдер жұқтырды деп мәлімдеді, өйткені жеке қорғаныс құралдары орташа ер адамның параметрлеріне сәйкес жасалған және көбінесе үлкен болып шықты. Бұл жағдайда ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылық ескерілмегенін білдіреді.

Екінші мысал-Сovid-19 пандемиясында медициналық бетперделер кию. Тәуелсіз сарапшылардың зерттеулері бойынша, ер адамдар короновирустан қорғау үшін бетперде киюдің ықтималдығы аз екендігі анықталды. Бұл мысалда ерлердің бетперде кигені ұят, әлсіздіктің белгісі деп саналатын осындай гендерлік стереотиптер олардың денсаулығына әсер етті.

Оқытудың келесі мәселесі ретінде С.Гаращенко гендерлік бюджеттеудің мақсаттарын, қағидаттарын, кезеңдерін белгіледі. Мұнда гендерлік саясатты жоспарлау кезінде әйелдер мен ерлердің және олардың топтарының проблемалары мен қажеттіліктерін ескеру маңызды екендігі айтылды. Яғни, гендерлік бағдарланған бюджеттеу – бұл орталықта ер адамдар/әйелдер, ұлдар/қыздар, халықтың әлеуметтік осал санаттары тұрған кезде бюджетті атқарудың осындай тәсілі.

Сондай-ақ, семинар-тренинг барысында ЭЫДҰ елдеріндегі халықаралық гендерлік бюджеттік бастамалар ұсынылды. Сонымен қатар, Украинаның тәжірибесі қарастырылды, онда 2013 жылдан бастап Швецияның Халықаралық даму агенттігінің (Sida) қолдауымен «Украинадағы гендерлік бюджеттеу» жобасын елде жүзеге асыру жақсы тәжірибе болды.

Семинар соңында Хатшылықтың директоры Гендерлік аспектілерді ескере отырып, жоспарлау және бюджеттеу бойынша құжаттарға талдау жүргізу әдістемесін таныстырды. Әзірленген әдістеме Ақмола облысының әкімдігінде сынақтан өткізіліп, оны одан әрі еліміздің басқа өңірлерінде пайдалануға беріледі.

Қорытындылай келе, жаттықтырушы-кеңесші жергілікті деңгейде стратегиялық бағдарламалық құжаттар мен бюджеттік бағдарламаларға гендерлік талдау жүргізу бойынша құнды ұсыныстар берді. Халықаралық сарапшымен талданатын секторлар бойынша өңірдің жекелеген проблемалық бағыттары бойынша гендерлік талдауды бастау ұсынылды. Халықаралық сарапшының пікірі бойынша әкімдіктің жауапты қызметкерлері қатарынан жұмыс тобын қалыптастыру гендерлік зерттеудің қойылған міндеттерін табысты іске асыруға жәрдемдесетін болады.

Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда гендерлік тәсілді есепке алу гендерлік саясатты әзірлеу мен енгізу процесін олардың әйелдер мен ерлердің әртүрлі топтарына (балалар, жастар, қарттар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедек адамдар) ықпалы тұрғысынан «көрінетін» етуге мүмкіндік береді.

Семинар-тренинг әрбір қатысушы үшін өте қызықты және пайдалы өтті. Гендерлік теңдік тақырыбы үлкен қызығушылық тудырды және қатысушылардың көптеген сұрақтарына толық жауаптар алынды.

Гендерлік теңдік туралы білім адамдардың әртүрлі топтары үшін айқын емес салдарларды анықтау мен ескеруге және әділ шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
     





Қарау саны: 694
Сақталған: 08.12.2020




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!