рус / eng / kaz    
     

Меморандум

11.12.2020

АХҚО Жасыл қаржы орталығының (бұдан әрі – Орталық) және Экономикалық зерттеулер институтының (бұдан әрі – Институт) өкілдері жасыл қаржы саласындағы өзара түсіністік және әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.
 
Меморандум шарттары жасыл және тұрақты қаржыландыру саласында саясатты әзірлеу және зерттеулер жүргізу бойынша бірлескен іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыруда одан әрі ынтымақтастықты көздейді. Сондай-ақ, Меморандум жасыл қаржы мен тұрақты дамуға қатысты хабардарлықты және жалпы салалық түсінікті арттыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын өткізу жөніндегі уағдаластықты қамтиды.

Миссияларының бірі саясатты әзірлеу процесінде тұрақты экономикалық өсу аспектілерін ілгерілету болып табылатын Институт Орталық қызметін дамытуда, атап айтқанда, жаңа бағытты – әлеуметтік және орнықты қаржыны құру мен нығайтуда әріптес болады. Институт сондай-ақ Орталыққа экономика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерде өз тәжірибесін енгізе отырып, жасыл қалалар рейтингін қалыптастыру әдістемесін әзірлеуге жәрдемдесетін болады.

Қол қойылған Меморандум Тараптарға жасыл және әлеуметтік қаржыландыру нарығын дамыту, Қазақстан мен өңірде тұрақты қаржы саласын реттеу бойынша бағдарламалық құжаттар мен ұсынымдарды әзірлеу бойынша бірлескен қызмет жүргізуге мүмкіндік береді.
 
Анықтамалық ақпарат:

"Астана" халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам" Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару жөніндегі кеңестің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО-ның пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуы болып табылады.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, "АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады". АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары тұйық циклді экономиканы, қаржылық технологияларды және "цифрлық қаржы орталығын" дамытуды қамтиды. Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан экономикасының кешенді даму мәселелерін зерттейтін мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылады.aifc.kz.

Институт қызметі елдің экономикалық стратегиясын іске асыру барысын ғылыми қамтамасыз етуге, экономиканың жай-күйін талдауға және оның келешекке дамуын болжауға, тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға жәрдемдесуге бағытталған.



Қарау саны: 635
Сақталған: 20.09.2021




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!