ERI Татарстанның ПЭЗО-мен меморандумға қол қойды

08.04.2021

Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының Перспективалық экономикалық зерттеулер орталығы (ПЭЗО) мен Қазақстандық «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ERI) арасында өзара түсіністік және әріптестік туралы Меморандум жасалды.

ПЭЗО Татарстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы Жарлығымен Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының қайта ұйымдастырылған Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық ғылымдар институты негізінде құрылды.

Қазіргі уақытта ПЭЗО - Ресей Федерациясының Волга маңы ауданындағы жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдарының бірі. ТР ҒА ПЭЗО қызметкерлерінің 70%-дан астамының ғылыми дәрежесі бар.

ПЭЗО қызметінің негізгі бағыттарының бірі -экономика және әлеуметтану саласында іргелі және қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; экономикалық сараптамалар жүргізу, мемлекеттік басқару және бизнес органдары үшін экономикалық жобаларды әзірлеу; Федералдық және өңірлік заң жобаларына сараптама жүргізу. 

Сонымен қатар ПЭЗО Татарстан Республикасы мен Ресей Федерациясы өңірлерінің мемлекеттік басқару органдары үшін ұзақ мерзімді болжамдар мен ұсынымдар әзірлейді,  үкіметтік органдары мен өкілді билік органдарының экономикалық және әлеуметтік саясаты саласында қорытындылар мен ұсынымдар дайындайды.

Перспективалық экономикалық зерттеулер орталығының тағы екі бағыты - әлеуметтік-экономикалық дамудың ең өзекті мәселелері бойынша ғылыми еңбектерді жариялау және экономика ғылымдары, әлеуметтану мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай аспирантураларда оқу. 
 
ERI мен ПЭЗО арасындағы меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық өңірде экономикалық саясатты әзірлеу жөніндегі бірлескен зерттеулер мен жобаларды жүзеге асыруға, білім мен табысты практикамен өзара алмасуға, экономикалық тұрақтылық мәселелері бойынша түрлі іс-шаралар мен білім беру семинарларын бірлесіп өткізуге, сондай-ақ тараптарды өңірлік және халықаралық деңгейде өзара ілгерілетуге мүмкіндік береді.



Қарау саны: 5208
Сақталған: 08.04.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!