рус / eng / kaz    
     

Алғашқы отырыс

12.05.2021

2021 жылғы 11 мамырда Қазақстан балаларының әл - ауқат индексін (бұдан әрі-Индекс) бағалау әдістемесінің жобасын талқылау бойынша алғашқы отырыс өтті. Іс-шара ZOOM платформасында онлайн форматта өтті.

Осы отырысты аша отырып, Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Шайкенұлы Жекебаев осы Индексті Қазақстанда әзірлеу мен енгізудің маңыздылығын атап өтті. 

Балалардың әл-ауқаты мәселелері балалардың өміріне әр түрлі факторлардың әсеріне байланысты және бүгінгі күні өте өзекті болып келеді. Индекс тек зерттеу жүргізу мақсатында ғана емес, сонымен бірге мемлекет пен қоғамның шұғыл араласуын қажет ететін балалар мен отбасылардың проблемаларына саясаткерлер мен бүкіл қоғамның назарын аударудың тәсілі ретінде жасалады.

Индекс жобасын Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты әзірледі. 

Индексті өлшегеннен кейін күтілетін нәтиже балалар саясатын дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және балаларға қатысты ұлттық және жергілікті деңгейлерде қабылданатын шешімдердің сапасын арттыру болады.

11 мамырдағы талқылауға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. 
Әдістеме жобасын Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директоры Хамбар Бақытгүл таныстырды. 

Отырыста денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының индикаторлары бойынша пікірлер талқыланып, алынды. Талқылау қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын ресми және жұмыс тәртібінде жіберуге келісті.  
Анықтамалық
Қазақстан балаларының әл - ауқат индексінің мақсаты-балалардың әртүрлі салалардағы жағдайын жақсарту. Бұл Индекс еліміздің балаларының жалпы және жеке бағыттар бойынша қаншалықты ауқатты екенін анықтауға мүмкіндік береді. Өңірлер бөлінісінде әр түрлі салалардағы ұлттық саясаттың тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді. Индексті есептеуде ел үшін ең өзекті индикаторлар іріктелетін болады. Индекс ҚР ресми статистикасы, ведомстволық статистика, балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлеуметтік сауалнама нәтижелері дереккөзі болып табылатын статистикалық және сауалнама индикаторларынан тұратын болады.



Қарау саны: 722
Сақталған: 22.01.2022




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!