рус / eng / kaz    
     

ERI Intern-designers 2021

19.05.2021

Саған мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі керек пе?

Біз тағылымдамадан өтушілерге арналған бағдарламаны ұсынамыз

ERI Intern-designers 2021

 

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (Economic Research Institute) нақты жұмыс тәжірибесі үшін тағылымдамадан өтуші дизайнерлерді іздейді.


Біз практикалық және кәсіби тәжірибе алуға мүдделі студенттер үшін «ERI Intern-designers 2021» жобасын іске қосамыз, бұдан басқа, қолда бар дағдылар жақсартылып, жаңа дағдылар игеріледі.

 

ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР:


- бакалавриаттың 3 - курс студенті немесе магистратураның 1 - курс студенті;

 - дизайн - жобаларды визуалдай білу;

- графикалық дизайн құралдарын білу;

- ақпараттық материалдармен жұмыс;

- жаңа және қызықты идеяларды тудыру;

- ағылшын тілін білу (B1 деңгейінен төмен емес);

- Microsoft programs меңгеру; 

- жауапкершілік және жасампаздық.

 

Тағылымдамадан өту ерекшеліктері:


- Сіздің мүмкіндіктеріңіз бен уақытыңыз бойынша икемді (гибридті) жұмыс кестесінің мүмкіндігі: оқу барысында қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынамыз.                                               

- Қызықты жобалармен жұмыс.                                                                                                                       - Тағылымдама сәтті аяқталған жағдайда, Сіздің оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігіңіз және біздің ERI қабырғасында Сіздің кәсіби дамуыңыз үшін толық кепілдік бар.                                                                                                             

 - Сіздің ERI-де тағылымдамадан өткеніңіз туралы растау хат.

 

Тағылымдамадан өту мерзімі: 9 ай.

 

ІРІКТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ:


1.  Егер Сіз тағылымнамадан өтуге және «ERI Intern – 2021» жобасына қатысуға дайын болсаңыз, өзіңіздің түйіндемесі бар өтініміңізді hr@economy.kz электрондық мекенжайына 2021 жылғы 1 маусымға дейін жолдаңыз.


Түйіндеме бойынша іріктеу нәтижелері 2021 жылдың 4 маусымы күнінің соңына дейін электрондық пошта арқылы жіберіледі.

 

2.  Құзыреттіліктеріңізді ескере отырып (қажет болған жағдайда)   Design Thinking Test 2021 жылғы 7 маусымда өтеді;

Design Thinking Test нәтижелері қатысушыларға 2021 жылғы 8 маусымда электрондық пошта арқылы жіберіледі;

 

3.  2021 жылғы 12 маусымда өткен үміткерлермен сұхбат жүргізіледі және сол күннің ішінде нәтижелері белгілі болады.

Өз біліміңді тәжірибеде қолдан. Сәттілік тілейміз!

 

 



Қарау саны: 613
Сақталған: 19.05.2021




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!