рус / eng / kaz    
     

ERI-дің 60 жылдығымен

20.05.2021

Татарстан Республикасы Ғылым академиясының Перспективалық экономикалық зерттеулер орталығының директоры Марат Сафиуллин Экономикалық зерттеулер институтының бүкіл ұжымына 60-жылдық мерейтоймен құттықтау жолдады.

 

 

Құрметті Руслан Серікұлы!

 

Перспективалық экономикалық зерттеулер орталығы мен Татарстан Республикасы Ғылым академиясының атынан Сізді және Экономикалық зерттеулер институтының бүкіл ұжымын алпыс жылдық мерейтойымен құттықтауға рұқсат етіңіз!

 

Экономикалық зерттеулер институты өңір экономикасының жай-күйін талдауға және оның перспективаға даму болжамына, бірқатар стратегиялық шешімдерді қабылдау мен іске асыруға, сондай-ақ республиканың тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге үлес қосқан Қазақстан Республикасының маңызды зерттеу құрылымдарының бірі болып табылады.

 

Ортақ мәдениет, дәстүрлер, сенім бізге достық қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік береді, біз өңірлердің бәсекелестік ортасын және халықтың өмір сүру сапасын зерттеуде әріптестік байланыстарды нығайтуға үміттенеміз.

 

Біз Сіздің Институттың барлық ұжымына мықты денсаулық,

алға қойған жоспарлардың орындалуын және барлық бастамаларда сәттілік тілейміз.

 

Ең ізгі тілектермен,

 

Татарстан Республикасының Ғылым академиясы

 

Перспективалық экономикалық зерттеулер орталығының директоры

 

Марат Сафиуллин



Қарау саны: 605
Сақталған: 09.12.2021




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!