Еуразиялық интеграция мәселелері бойынша

04.06.2021

2021 жылғы 3 маусымда Новосибирскіде "Еуразиялық интеграция және қауіпсіздік" VI Халықаралық конференциясы өтті.

 

Конференцияны ұйымдастырушылар қатарында РҒА СБ Экономика және өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру институты (РҒА СБ ЭӨӨҰИ) және РҒА СБ Солтүстік пен Солтүстік-Шығыс Азиядағы трансшекаралық өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі Халықаралық ғылыми орталығы (ТӨХҒО) бар.

 

Конференцияның пленарлық отырысында алғашқылардың бірі болып "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Ғылым жөніндегі кеңесшісі, э.ғ. д., Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Болат Хусаинов "Ұлттық экономикалардың инклюзивті дамуы – интеграциялық бірлестіктердің өсу сапасы" тақырыбында баяндама жасады.


Академик әдебиетте өсу сапасын сандық бағалау әлі жоқ екенін атап өтті. Сонымен қатар, экономикалық өсудің сапа теориясы бүгінгі күнге дейін дамымаған. Бұдан әрі ол зерттеу тобы қатысушыларының пікірінше, интеграциялық бірлестіктердің өсу сапасының маңызды детерминанты болып табылатын ұлттық экономикалардың инклюзивті дамуы проблемасына тоқталды.


Инклюзивтік өсудің ерекшеліктері назардың өсу қарқынынан оның сапасына ауысуына байланысты, деп атап өтті Болат Хусаинов.


  • Бірінші кезекте, бұл-адами фактор:
  • адами капиталды жан-жақты дамыту;
  • теңсіздікті, кедейлікті қысқарту;
  • халықтың барлық жіктерінің қоғамдық өміріне белсенді қатысу;
  • халықтың экономикалық өсуінен пайда алу.

 

Баяндамаға сәйкес, инклюзивті өсу ұлттық экономикалардағы халықтың барлық топтарының өмір сүру сапасының конвергенциясы ретінде анықталған. Осы зерттеуде конвергенция деңгейін бағалау үшін статистикалық көрсеткіштердің динамикалық қатарларын уақытша талдаудың инновациялық әдісіне (S-times distance analysis) негізделген интеграциялық процестердің тиімділігін бағалауға жаңа тәсіл қолданылды.


Әлемдік экономикалық ғылымда интеграциялық процестерді бағалау үшін сауда нарықтарының ықпалдасу өлшемдері, тауарлардың, қызметтер мен капиталдың трансшекаралық ағындарының ауқымы және басқалары кеңінен қолданылады.


Осы зерттеудің жаңалығы уақытша талдау әдісі интеграциялық өлшемшарты ретінде қолданылатыны болып табылады. Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) интеграциялық процестер тиімділігінің маңызды өлшемшарттарының бірі олардың ұлттық ерекшеліктерін сөзсіз сақтай отырып, оған кіретін үш елдің конвергенция деңгейі болуға тиіс.


Конференция барысында ЕАЭО интеграциялық процестері аясындағы мәселелердің кең ауқымы талқыланды: жаңа мүмкіндіктер, сын – қатерлер, интеграцияны күшейтудің алғышарттары, халықаралық бастамалар, атап айтқанда, "Бір белдеу-бір жол" бастамасы.


Одақ елдерінің өзара саудасының төмен деңгейі сақталып отырғаны, оның жалпы тауар айналымындағы үлесі 14% - ды құрайтыны атап өтілді. Бұл ретте қазіргі уақытта басымдықтар өзгеруде, олардың арасында ЕАЭО елдерінің экономикалық қауіпсіздігі бірінші орынға шығады.

Конференция шеңберінде ЕАЭО-ның инфрақұрылымдық негізі ретінде қауіпсіздік мәселелері мен Еуразиялық интеграцияның гуманитарлық проблемалары және көлік дәліздері талқыланды.

 

Б.Д. Хусаиновтың баяндамасы ҚР БҒМ ҒК гранты бойынша "Ұлттық экономикалардың өсу қарқыны мен сапасы: неожаһандандырылу дәуіріндегі детерминация" (ЖТН № AP08856289, қатысушылар: Р.С.Сұлтанов, Ш.А.Каймолдина, А.И.Нусупов, Н.А.Байзақов) зерттеуіне негізделген.

 



Қарау саны: 5203
Сақталған: 07.06.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!