BusinessNEXT: Сагиева Римма

08.06.2021

"BusinessNEXT: экономика мен қоғамдағы бизнес-мектептердің жаңа рөлі" онлайн-форумының спикері Римма Сагиева, профессордың м.а., экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы экономикалық білім берудің болашағы туралы әңгімелейді.

 

Римма Сагиева 2010 жылдан 2017 жылға дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономикалық зерттеулер орталығының директоры қызметін атқарды, алты жыл бойы Қазақстандағы жоғары білімді реформалау бойынша "Erasmus+" Еуропалық жобасы сарапшыларының ұлттық командасының мүшесі болды. "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" ҚР Білім және ғылым министрлігінің белгісімен марапатталған.

 

Әлемде болып жатқан қарқынды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кәсіпорындардың, ұйымдардың, салалардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау міндетін ғана емес, сонымен қатар қазіргі жағдайда экономикалық жүйелердің даму факторларын теориялық тұрғыдан түсіну қажеттілігін де өзекті етеді. 

 

Экономиканың жай-күйі көбінесе нарық субъектілерінің экономикалық мінез-құлқына және олардың экономикалық біліміне байланысты. Бүгінгі таңда бәсекелестіктің артуына байланысты еңбек нарығындағы жеке тұлғаға жоғары талаптар қойылады. 


Сондықтан экономикалық білім жеке тұлғаның әлеуметтік талап етілетін қасиеттерін дамытып қана қоймай, сонымен бірге экономикалық қызметтің моральдық және құндылық мотивтерін қалыптастыра алады.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, Форумның тікелей көрсетілімі 9 маусым күні сағат 15.00-де Қазақстанның Экономикалық зерттеулер институтының ресми Youtube-арнасында және @ economic.research.kz Facebook-арнасында өтеді.

 

 



Қарау саны: 5018
Сақталған: 20.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!