Әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің IMD-2021 рейтингінде

17.06.2021


Әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің IMD-2021 рейтингінде Қазақстан 35-орынды иеленді


2021 жылғы 17 маусымда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Жаһандық бәсекеге қабілеттілігін зерттеу орталығы 2021 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингін жариялады.


2021 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы 2020 жылмен салыстырғанда 7 тармаққа көтеріліп, 35-орынды иеленді.


IMD рейтингі келесі факторларды бағалайтын кешенді зерттеудің нәтижесі болып табылады: «Экономикалық қызмет», «Үкіметтің тиімділігі», «Бизнестің тиімділігі» және «Инфрақұрылым».


2021 жылы зерттеуде әлемнің 64 елі бағаланды. Рейтингте жетекші орынды Швейцария иеленді. Швейцариядан кейін Швеция, Дания, Нидерланды және Сингапур үздік 5 елге кіреді.


2021 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы 2020 жылмен салыстырғанда 7 тармаққа көтеріліп, 35-орынды иеленді.


Қазақстан Португалия (36-орын), Индонезия (37-орын), Латвия (38-орын), Испания (39-орын), Италия (41-орын), Ресей (45-орын) және Түркия (51-орын) елдердің алдында орналасты.

 

 

Әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің IMD-2021 рейтингіндегі Қазақстанның позициясы

 

 

2021

(64 ел арасында)

2020

(63 ел арасында)

Динамика

ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК РЕЙТИНГІ

35

42

7

1.     Үкіметтің тиімділігі

21

29

8

Мемлекеттік қаржы

19

23

4

Салық саясаты

5

16

11

Институционалдық орта

46

50

4

Бизнес туралы заңнама

25

28

3

Қоғамдық құрылым

29

38

9

2.     Бизнестің тиімділігі

28

34

▲6

Өнімділік пен тиімділік

43

40

3

Еңбек нарығы

20

32

12

Қаржы

46

47

1

Менеджмент практикасы

13

19

6

Қарым-қатынас пен құндылықтар

23

29

6

3.     Экономикалық қызмет

45

48

3

Ішкі экономика

37

41

4

Халықаралық сауда

58

60

2

Сыртқы инвестициялар

47

48

1

Жұмыспен қамту

24

33

9

Бағалар

13

16

3

4.     Инфрақұрылым

47

51

▲4

Базалық инфрақұрылым

25

31

6

Технологиялық инфрақұрылым

52

52

0

Ғылыми инфрақұрылым

57

58

1

Денсаулық сақтау және қоршаған орта

55

57

2

Білім беру

45

44

1


Ағымдағы жылы Қазақстан рейтингтің барлық факторлары бойынша өз позициясын жақсартты.


«Үкіметтің тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан өз позициясын 8 тармаққа жақсартып, 21-орынға ие болды. Жақсарту барлық 5 субфактор бойынша позициялардың артуымен түсіндіріледі: «Мемлекеттік қаржы» – 19-орын (4 позицияға жақсару), «Салық саясаты» – 5-орын (11 позицияға жақсару), «Институционалдық орта» – 46-орын (4 позицияға жақсару), «Бизнес туралы заңнама» – 25-орын (3 позицияға жақсару) және «Қоғамдық құрылым» – 29-орын (9 позицияға жақсару).


«Бизнестің тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан позициясын 6 пунктке жоғарылатып, 28-орынға орналасты. Осы фактор тұрғысынан 4 субфактор бойынша жақсартулар болды: «Еңбек нарығы» субфакторы бойынша 20-орын (12 позицияға жақсару), «Қаржы» – 46-орын (1 позицияға жақсару), «Менеджмент практикасы» – 13-орын (6 позицияға жақсару), «Қарым-қатынастар мен құндылықтар» – 23-орын (6 позицияға жақсару). «Өнімділік пен тиімділік» субфакторы бойынша позициялардың төмендеуі байқалады – 43-орын (3 позицияға нашарлау).


«Экономикалық қызмет» факторы бойынша Қазақстан 3 позицияға көтеріліп, 45-орынға ие болды. Жақсарту барлық 5 субфактор бойынша позициялардың артуымен түсіндіріледі: «Ішкі экономика» – 37-орын (4 позицияға жақсару), «Халықаралық сауда» – 58-орын (2 позицияға жақсару), «Сыртқы инвестициялар» – 47-орын (1 позицияға жақсару), «Жұмыспен қамту» – 24-орын (9 позицияға жақсару) және «Бағалар» – 13-орын (3 позицияға жақсару).


«Инфрақұрылым» факторы бойынша Қазақстан позициясын 4 пунктке жоғарылатып, 47-орынға орналасты. Жақсарту үш субфактор бойынша позицияларды арттыру есебінен болды: «Базалық инфрақұрылым» – 25-орын (6 позицияға жақсару), «Ғылыми инфрақұрылым» – 57-орын (1 позицияға жақсару), «Денсаулық сақтау және қоршаған орта» – 55-орын (2 позицияға жақсару)


Респонденттердің пікірінше, Қазақстан Республикасы экономикасының неғұрлым тартымды бес факторына: 

  • қолайлы іскерлік орта (респонденттердің 60,0%), 
  • экономиканың динамикалылығы (46,4%), 
  • қаржы ресурстарына қолжетімділік (45,5%), 
  • саясаттың тұрақтылығы мен болжамдылығы (42,7%) 
  • және салық салудың бәсекеге қабілетті жүйесі (40,9%) жатады.

Қазақстан Республикасы алғаш рет осы рейтингке 2008 жылы қатыса бастады. Қазақстандағы IMD серіктесі – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ.


Анықтама үшін: Жылнамада 335 көрсеткіш қамтылып, олардың 2/3 статистикалық деректер негізінде, 1/3 – сауалнамаға сәйкес есептелінеді.  

 


Рейтинг нәтижелері туралы толығырақ ақпаратты Халықаралық менеджментті дамыту институтының http://www.imd.org/wcc/ ресми сайтынан таба аласыз.

 



Қарау саны: 5963
Сақталған: 18.06.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!