ҚР Премьер-Министрінің ERI-ді ТДМ жөніндегі Үйлестіру

18.06.2021


 ҚР Премьер-Министрінің ERI-ді ТДМ жөніндегі Үйлестіру кеңесінің Хатшылығы етіп тағайындау туралы өкімі  

 

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің 2021 жылғы 7 маусымдағы Өкімімен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің Хатшылығы етіп тағайындалды.


 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің 2021 жылғы 7 маусымдағы Өкімімен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің Хатшылығы етіп тағайындалды

 

Бүгінде Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесіне енгізуді жүзеге асырып, өзінің 2030 жылға дейінгі күн тәртібінің міндеттеріне қол жеткізуде шынайы берілгендігін байқатады.

 

2018 жылы Қазақстанда ТДМ іске асырылуын үйлестіру архитектурасы құрылды: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Орынбасарының төрағалығымен Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесі және басым бағыттар бойынша бес ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кеңес жұмысының үйлестіру органы болып табылады.

 

Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жұмысына сараптамалық-талдамалық қолдауды «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ жүзеге асырады. 

 

Ағымдағы жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің өкімімен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің Хатшылығы ретінде ресми түрде бекітілген.


 

2015 жылғы 25 қыркүйекте БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб пәтерінде әлемдік көшбасшылар, оның ішінде, мемлекет пен үкімет басшылары кедейлікті жоюға, теңсіздікпен және әділетсіздікпен күресу, сондай-ақ климаттық өзгерістермен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған 17 Тұрақты даму мақсатын қамтитын Тұрақты даму саласындағы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібін қабылдады.

 

 

 



Қарау саны: 5069
Сақталған: 22.06.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!