ERI Басқарма төрағасының

23.06.2021

Кеше, 22 маусымда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрағасы Руслан Сұлтановтың Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Абдул Азиз бен Абдулла Ад-Даудпен кездесуі өтті.

Анықтамалық: Сауд Арабиясының экономикасы әлемдегі үздік жиырмалыққа кіреді (G-20). 2020 жылдың қорытындысы бойынша Сауд Арабиясы ЖІӨ көлемі бойынша әлемде 19-шы орында, ол 680,9 млрд АҚШ долларын құрады. 2019 жылға қарағанда ЖІӨ-нің 14,1% - ға төмендеуі COVID-19 пандемиясының ықпалымен және мұнай өндіру көлемінің төмендеуімен байланысты.

Кездесу барысында Руслан Сұлтанов Институттың қызметі мен жұмыс бағыттары туралы айтып, ағымдағы жылы ұйымның құрылғанына 60 жыл толғанын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар шикізат елдерінің экономикаларын әртараптандырудың әлеуетті мүмкіндіктері мәселелерін талқылады.

Елші Сауд Арабиясының Vision 2030 атты ұлттық реформалар бағдарламасының негізгі міндеттері туралы айтып берді, онда ел мен халықтың кіріс көздерін өзгерту арқылы экономиканы қайта бағдарлау, жеке кәсіпкерлік үлесін арттыру, көлік пен экономикалық аймақтарды дамыту қарастырылған.

Абдул Азиз бен Абдулла Ад-Даудтың айтуынша, осындай аймақтардың бірі NEOM —Табук провинциясындағы ақылды қала, ол туристер үшін де ашық болады. Жобаның негізгі идеясы-қала жаңартылатын энергия көздері есебінен толық жұмыс істейтін болады.

Патшалықта туризмді дамыту мақсатында тарихи орындарға, әсіресе 27000-нан астам археологиялық ескерткіштер орналасқан Аль-Ула оазисіне ерекше назар аударылады.

Ғылыми ынтымақтастық туралы айта келе, ERI Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов қазіргі уақытта Институт ғылыми орталардың серіктестік желісін кеңейту және шетелдік ғылыми институттармен ынтымақтастық бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Тәжірибе алмасу және одан әрі ынтымақтастық мақсатында кездесуде Сауд Арабиясының ұқсас ғылыми-зерттеу институттарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және бірлескен экономикалық, оның ішінде сауда саясаты мәселелері бойынша талдаулар жүргізу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

 



Қарау саны: 5095
Сақталған: 16.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!