Туристік секторды жасыл қаржыландыру форумы

23.07.2021

ERI сарапшылары "жасыл" қаржыландыру саласындағы жаһандық үрдістер мен сын-тегеуріндер туралы айтты

Әлемдегі облигациялардың жалпы көлемінің тек 1% - ында "жасыл" деген қосымшасы бар

 

ERI сарапшылары "жасыл" қаржыландыру саласындағы жаһандық үрдістер мен сын-тегеуріндер және "Туристік секторды жасыл қаржыландыру жөніндегі форум: Қазақстанда туристік саланы дамыту туралы диалог"-та климаттық өзгерістерге митигациялау және бейімдеу жөніндегі жергілікті жобалар туралы айтып берді.

 

Форумға "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI)  атынан Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Ерлан Кәрімов пен Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының жетекші сарапшысы Айдын Бақдолотов қатысты.

 

Әлемде облигациялардың жалпы көлемінің тек 1% - ында ғана "жасыл" деген қосымшасы бар, деп атап өтті Ерлан Кәрімов өз сөзінде. Ол әлемдегі "жасыл қаржыландырудың" негізгі проблемалары, мысалы, осындай жобаларды есепке алу жүйесінің болмауы және НҚА әзірлеу кезінде "жасыл жоба" ұғымын түсіндірудегі алшақтықтар проблемасы туралы айтты.

 

ERI сарапшысыҚазақстанда "жасыл қаржыландыруды" дамытудың маңызды бағыттарын таныстырды:

  • "Жасыл мемлекеттік сатып алулар "(1995 жылы қоршаған ортаға теріс әсерді азайту қағидаты бойынша мемлекеттік тапсырыс жүйесін енгізген "жасыл жеті" G7 елдерінің үлгісі бойынша).
  • "Жасыл облигациялар" (37 елде жұмыс істейтін облигацияларға арналған "жасыл таңбалау" құралы).
  • Қор нарығындағы "жасыл индекс"(жеңілдікті негізде "жасыл компаниялар" листингін өткізу) және басқалар.

 

Спикер сондай-ақ "жасыл" экономиканы дамыту мен оны қаржыландырудың халықаралық тәжірибесінің мысалдарын келтірді:

 

  • Ұлыбритания 2010 жылдан бастап жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) 92 миллиард фунт стерлинг инвестициялады. Индустриялық және жасыл қаржыландыру стратегиясына сәйкес, ел көлік және цифрлық инфрақұрылымға, 5G (176 млн фунт стерлинг) желісін дамытуға және электромобильдерге арналған зарядтау станцияларына миллиардтаған қаражат салуды жоспарлап отыр. Қазір елде жылу желілеріне миллиард фунт стерлинг және қолданыстағы тұрғын үйлерді жаңартуға 35-65 миллиард фунт стерлинг бөлу туралы айтылып жатыр.
  • Қытайдың жасыл экономикасының тәжірибесі бұдан кем емес. Мұнда 1600-ден астам мемлекеттік инкубаторлар мен ғылыми парктер жұмыс істейді, олардың көпшілігі экологиялық таза технологияларды әзірлеу жөніндегі жобаларға тартылған. Осының арқасында Қытай жел энергетикасы, биоотын өндірісі және көмірді экологиялық таза пайдалануды қоса алғанда, алты негізгі салада патенттер бойынша әлемде жетекші орындардың бірін алады.
  • Мемлекеттік бюджетке экологиялық баға берген әлемдегі алғашқы ел – Францияның кейсі қызықты. Елде 2021 жылға арналған мемлекеттік бюджет туралы заң жобасында көрсетілген шығыстардың 574 млрд еуро және қалпына келтіру жоспарында көзделген 100 млрд еуро алты экологиялық мақсаттарға сәйкестігі тұрғысынан талданды.

 

2015 жылы Қазақстан Париж келісіміне қол қойды, 2020 жылы Мемлекет басшысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатын жариялады, Төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеу және ҰДАҮ жаңарту басталды, 2021 жылы жаңа Экологиялық кодекс қабылданды, деп атап өтті ERI сарапшысы Айдын Бақдолотов Қазақстанның климаттық саясаты туралы  .

 

Спикер елімізде жүзеге асырылып жатқан климаттық өзгерістерге бейімделу және митигация бойынша жобаларды атап өтті. Олардың ішінде-Төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеу және "Қазақстанның ұлттық деңгейде айқындалған үлесін жаңарту" (ҰДАҮ), сондай-ақ "Климаттың өзгеруіне тұрақты экономикалық даму" жобасы бар.

 

ERI сарапшылары "жасыл" қаржыландыруды дамыту үшін кәсіпкерлердің өз қызметін мониторингтеу және инвестициялар тарту мүмкіндігі үшін экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық факторлар бойынша есептілік ұсынуы сияқты ұсыныстарды атап өтті.

 

 

"Туристік секторды жасыл қаржыландыру жөніндегі форум: Қазақстанда туристік саланы дамыту туралы диалог" қаржы институттары мен мемлекеттік қызметшілерді жасыл қаржыландырудың жаңа стратегияларын және Қазақстандағы туристік сектор үшін мүмкіндіктерді әзірлеуге тарту мақсатында өткізілді.

 

 

Іс-шараға мемлекеттік және жеке, ұлттық және халықаралық қаржы институттары; қоғамдық қызмет көрсету, экономикалық жоспарлау және қаржы саласындағы саясатты әзірлеуге және іске асыруға жауапты ұлттық және жергілікті билік органдары; туризм және қоршаған орта индустриясының өкілдері қатысты.

 

_______

 

Форум SUSTOUKA жобасы аясында өтті. Жоба туристік секторының тұрақтылығы мен

бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экологиялық хабардарлықты арттыру және Қазақстанда туристерді орналастыру секторында тиісті тұрақты практикалар мен технологияларды енгізу арқылы Қазақстанның "жасыл" экономикаға трансформациясын жеделдетуге

бағытталған. Жобаны EKOTEK (Испания) басшылығымен халықаралық көпсалалы консорциум жүзеге асырады, оған қазақстандық туристік қауымдастық (ҚТҚ), Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы (KAGIR) және Еуропалық экологиялық және агротуризм орталығы ECEAT (Нидерланды) кіреді. Жобаны Еуропалық Одақ (ЕО) SWITCH-Asia бағдарламасы арқылы қаржыландырады. Жобаны іске асыру мерзімі: 2020 жылғы наурыз — 2023 жылғы ақпан.

 

 

Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Қазақстанда туризмнің тұрақты дамуы-ТДМ жөніндегі Хатшылықтың қатысуымен конференция



Қарау саны: 5101
Сақталған: 27.07.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!