"Kazinform" ХАА-ға

28.07.2021

ERI Орталығының директоры Қайсар Нығметов: Әкімдерді тікелей сайлауды енгізу-ілгері реформа

Сарапшы ауылдар мен ауылдық жерлердегі сайлау процесінің қорытындыларын қашан толық бағалауға болатынын айтты



"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ орталығының директоры Қайсар Нығметов  "Kazinform" ХАА-ға таяудағы ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы сұхбат берді.

 

Агенттіктің сайтынан толық мәтінді ұсынамыз:

 

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Өңірлік зерттеулер орталығының директоры Қайсар Нығметов ауылдар мен ауылдық жерлердегі сайлау процесінің қорытындыларын қашан толық бағалауға болатынын айтты, деп хабарлайды "Kazinform" ХАА тілшісі.

 

"Сайлауды жақсы бағалаймыз. Үміткерлердің үлкен пайызы өзін-өзі ұсынғандар болды. Сайлаудың қорытынды нәтижелері айтылғаннан кейін, біз оларды толыққанды бағалаймыз деп ойлаймын. Әкімдердің тікелей сайлауын енгізу-өте ілгері реформа. Қазір біз жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз, онда ауылдық округтер әкімдерінің экономикалық дербестігін арттыруға қатысты мәселелер, жақын арада қандай салық түрлері берілетін болады. Жаңадан сайланған әкімдердің жұмысы үшін, ауылдық округтерді дамыту үшін экономикалық базасы болуықажет ", - деді Қайсар Нығметов "Kazinform"  ХАА тілшісіне .

 

Әкімдікке үміткерлердің жасы және қанша әйел мен ер адам сайлауға түсті деген сұраққа қатысты сарапшы мұндай нәтижелерді шығару сайлау нәтижелеріне байланысты деп жауап берді.

 

"Кандидаттар арасында, жергілікті тұрғындар арасынан, жастар арасынан, орташа жасы қандай, олар осы ауылдың тумалары ма, әлде жастар резервінен бе - рсыларды білу қызықты болар еді. Біз мұны өзіміз бақылай алмаймыз. Біз сайлау комиссияларының ақпаратын күтеміз. Үш күн ішінде нәтижелер жарияланады", — деді Қ. Нығметов.

 

"Дегенмен, адамдар сайлауға келді, олардың пікірі де маңызды болып отыр. Адамдар өз пікірлерін ескерместен шешім қабылдауды қаламайды. Сондықтан тікелей сайлау өтті деп ойлаймын. Бір жыл немесе екі жыл өткеннен кейін сайланған әкімдердің басқаруымен ауыл тұрғындарының өмірі қалай өзгергенін нақты бағалауға болады", - деп есептейді "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Өңірлік зерттеулер орталығының директоры.

 

Естеріңізге сала кетейік, 25 шілдеде Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау өтті.

 

25 шілдеде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:00-де сайлау учаскелерінің жұмысы еліміздің көптеген өңірлерінде аяқталды.



Өңірде ауыл әкімдерін сайлауды 400-ден астам бақылаушы қадағалады. Ауыл әкімдерінің сайлауына сайлаушылардың келуі туралы мәліметтермен мына жерде танысуға болады.



"Kazinform" ХАА сайтындағы сұхбатты оқыңыз

 

 

 

Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Қазақстанда ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. ERI сарапшысының пікірі


 

 

Басты фотодағы дереккөз:"Kazinform" ХАА



Қарау саны: 5011
Сақталған: 16.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!