"Galymzhan" жүйесі

28.07.2021

Galymzhan жүйесі: Қазақстандағы тұтынушылық инфляцияны online-бағалау

 

Біздің economy.kz сайтында  "Пікір" айдарында елдегі тұтынушылық инфляцияны бағалаудың онлайн-жүйесі-Galymzhan туралы сараптамалық — талдамалық мақала шықты. Оның авторлары ҚР Ұлттық Банкі төрағасының кеңесшісі Олжас Төлеуов, ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау басқармасының Бас талдамашы маман Ислам Ержан және ERI ("Экономикалық зерттеулер институты" АҚ) Департаментінің жетекші талдамашы маманы Аңсар Сейдахметов Ұлттық банк интернет-ресурстардан деректерді жинау мәселесін қашан және қалай бастағаны,  Galymzhan жүйесі дегеніміз не және оның жұмыс нәтижелері туралы айтып берді.

 

 

Galymzhan-ҚР Ұлттық банкінің мамандары жасаған және жетілдіретін сараптамалық бағдарлама. Құрал инфляцияның прокси-индикаторын құру арқылы тұтыну бағалары нарығындағы ағымдағы жағдайды талдау үшін қолданылады.

 

Galymzhan-R бағдарламалау тілінде жазылған алгоритм.


Galymzhan жүйесінің мақсаты-баға серпіні бойынша қолда бар барлық ақпаратты жинау емес, инфляцияның прокси-индикаторын құру.

 

Galymzhan 1.0 (2018 жылы іске қосылды) күн сайын азық – түлік және азық-түлік емес тауарлардың 395 түріне-13 дүкендегі тұтыну қоржыны тауарларының әрбір санатына 1 атау бойынша баға жинауды жүргізеді.

 

Galymzhan 2.0 (тестілік режимде жұмыс істейді) баға өзгерістерін жинауды өнімдердің 19 санатынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) тобы бойынша жүргізеді.  ҚР алты қаласында түрлі сауда маркаларының 16 ресми интернет-ресурстары өңделуде және күн сайын 5000 азық-түлік тауарларының бағасы бойынша деректер жиналуда.

 

Galymzhan жүйесінің соңғы нәтижесі ӘМАТ инфляциясының агрегатталған прокси-индикаторын құру болып табылады. 

Galymzhan жүйесінің ағымдағы нәтижелерін суреттеу үшін 1-суретте ҚР Ұлттық статистика бюросы (ҰСБ) жариялайтын 19 әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының ресми апталық динамикасы және веб-скрепинг технологиясы алған деректер негізінде есептелген апта сайынғы прокси-инфляция көрсетілген.

 

 

"Алынған нәтижелер ресми деректер мен құрылған индекс арасында корреляцияның болуын көрсетеді. Сонымен қатар, онлайн-дүкендердегі бағалар офлайн сауда нүктелеріне қарағанда тезірек өзгереді, ал нақты дүкендердегі бағаның өсу қарқыны біршама жоғары", — дейді сарапшылар.

 

 

Талдамалық жүйе артықшылықтарының бірі нарықтардың қалыпсыз мінез-құлқы кезеңінде баға динамикасына терең талдау жүргізу мүмкіндігі деп аталады. 

 

Қазір Galymzhan түрлі сауда нүктелерінің сөрелеріндегі белгілі өкіл тауарлардың баға динамикасын бақылауға мүмкіндік береді.

 

"Экономикалық агенттер үшін мұндай жүйенің болуы бизнес пен халықтың елдегі инфляцияның ресми көрсеткіштеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді", — деп атап өтті мақала авторлары.



"Galymzhan жүйесі: Қазақстандағы тұтынушылық инфляцияны online-бағалау" толық нұсқасын оқу



Қарау саны: 2487
Сақталған: 30.07.2021




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!