рус / eng / kaz    
     

"Сапалы білім" 4 ТДМ бойынша

09.09.2021

ТДМ жөніндегі Хатшылық қызметкерлері Орталық Азиялық субөңірлік бағдар беру кездесуіне қатысты

"Сапалы білім" 4 ТДМ үшін ұлттық салыстырмалы көрсеткіштердің мәндерін белгілеу.

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ ТДМ жөніндегі Хатшылық қызметкерлері "Сапалы білім" 4 ТДМ үшін ұлттық салыстырмалы көрсеткіштердің мәндерін белгілеу бойынша Орталық Азиялық субөңірлік бағдарлау кездесуіне қатысты.

Кездесудің мақсаты - "Сапалы білім" 4 ТДМ-ның өңірлік және ұлттық салыстырмалы көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жаһандық және өңірлік деңгейде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы елдерді хабардар ету.

Кездесудің негізгі міндеті:  негізгі көрсеткіштерді, есептеу әдіснамасын және деректер көздерін таныстыру және Орталық Азия елдерімен талқылау, сондай-ақ ұлттық салыстырмалы көрсеткіштердің мәндерін анықтауда елдерді қолдау бойынша іс-қимыл жоспарын жасау.

Аталған консультативтік кеңестердің артықшылығыОрталық Азия елдерінің есептеу әдістемесін әзірлеу, көрсеткіштерді таңдау бойынша өздерінің бірегей тәжірибелерімен, "Сапалы білім" 4 ТДМ саласындағы жоспарлары мен жобаларымен бөлісетіні деп атап өтілді іс-шарада. 

Кеңес барысында қатысушылар осы бағыттағы тұрақты даму мақсаты бойынша ұлттық көрсеткіштерді қалыптастыру үшін талап етілетін "Сапалы білім" 4 ТДМ көрсеткіштерін есептеу әдістемесінің негізгі элементтерін талқылады.

Елдер бойынша секциялық талқылаулар шеңберінде ТДМ жөніндегі Хатшылықтың қызметкерлері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, сондай-ақ ҚР Ұлттық статистика бюросының сарапшылары "Сапалы білім" 4 ТДМ көрсеткіштері үшін деректерді жинау үдерісін талқылады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросы және ЮНЕСКО-ның Статистикалық институты, олар өңірлік салыстырмалы көрсеткіштерді белгілеу және мүше мемлекеттерді ұлттық салыстырмалы көрсеткіштерді әзірлеуде қолдау мақсатында техникалық консультативтік кеңестер ұйымдастырады.

Техникалық консультативтік кеңеске білім министрліктерінің және ұлттық статистикалық басқармалардың өкілдері, даму институттары, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан) негізгі мүдделі тараптары қатысты.

 _____

2015 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде әлемдік көшбасшылар, оның ішінде мемлекеттер мен үкіметтер басшылары кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күреске, сондай-ақ климаттық өзгерістерге байланысты проблемаларды шешуге бағытталған 17 тұрақты даму мақсатының тізімін қамтитын 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады.

Қазақстан Тұрақты Даму Мақсаттарын орындау бойынша өзіне міндеттемелер алған ел ретінде барлық бағыттар бойынша белсенді жұмыс істейді және жаһандық мақсаттарға табысты қол жеткізуге өз үлесін қосуға дайын. 

ҚР Премьер-Министрі Орынбасарының төрағалығымен Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесі ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы тапсырмасы бойынша құрылды. Ұлттық экономика министрлігі Кеңес жұмысының Үйлестіру органы болып табылады. ТДМ Хатшылығының рөлін сараптамалық-талдамалық қолдау көрсететін "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ атқарады.

2021 жылғы 7 маусымда Асқар Маминнің өкімімен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің Хатшылығы ретінде ресми түрде бекітілді.

 

Сондай-ақ мынаны оқыңыз: ТДМ жөніндегі Хатшылық Жас ғалымдардың халықаралық форумына қатысады



Қарау саны: 572
Сақталған: 09.09.2021




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!