ТДМ жөніндегі Хатшылық

01.09.2021

ТДМ жөніндегі Хатшылық  Түркістандық мемлекеттік басқарудың онлайн жазғы мектебінде дәрістер өткізді

 

ERI сарапшылары студенттерге ТДМ іске асырудың институционалдық негіздері және ҚР-дағы дамуды қаржыландыруды бағалау туралы айтып берді

 

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) ТДМ жөніндегі Хатшылықтың қызметкерлері Ерлан Кәрімов пен Алтынгүл Өтебаева Түркістандық мемлекеттік басқарудың  онлайн жазғы мектебінде дәрістер өткізді.

 

Жазғы мектепті Ахмет Ясауи университеті мен Астана мемлекеттік қызмет хабы ұйымдастырды.

 

Мектеп бағдарламасына мынадай тақырыптар бойынша интерактивті сабақтар енгізілді:

  • Мемлекеттік басқарудағы серпінді технологиялар, цифрландыру және электрондық үкімет
  • Мемлекеттік қызметтегі ынталандыру және меритократия
  • Гендерлік теңдік
  • Ақылды қала тұжырымдамасы
  • БҰҰ ТДМ оқшаулау және іске асыру
  • COVID-19-дан кейінгі дәуір

 

ТДМ жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Ерлан Кәрімов студенттерге ТДМ Қазақстанда жүзеге асырудың институционалдық негіздері туралы айтып берді.

 

2015 жылы қабылданған 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібі кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күреске және климаттық өзгерістерге байланысты проблемаларды шешуге бағытталған 17 тұрақты даму саласындағы мақсаттың тізімін қамтиды, деп хабарлады спикер.

 

"ТДМ тұжырымдамасы үш құрамдауышты модель болып табылады", — деп атап өтті ол.

 

Сондай-ақ, сарапшы Париж келісімі (көмірқышқыл газының шығарылуын азайту) бойынша Қазақстанның міндеттемелерін атап өтіп, ТДМ оқшаулау тәсілдері бойынша түрлі елдердің тәжірибесін ұсынды (тұжырымдамалық құжаттары бар елдер (тұрақты дамудың ұлттық стратегиялары) және Қазақстан жататын тұрақты даму бойынша арнайы ұлттық құжаттары жоқ елдер).

 

Таныстырылымжа ҚР-да мемлекеттік жоспарлау құжаттарының иерархиясы бар екенін көрсетеді. Мысалы, мәртебесі бойынша ең жоғары құжат — Қазақстан 2050 Стратегиясы. Қазір біз елде ТДМ ұлттандыру және оқшаулау процесі барған сайын көбірек салаларды қамтуы үшін жұмыс істеп жатырмыз — деп түсіндірді Ерлан Кәрімов.

 

Спикердің сөз сөйлеуі сондай—ақ ҚР ТДМ үйлестіру архитектурасы, елдегі ТДМ бойынша Хатшылықтың қызметі және Қазақстанның SDG Index-202 1 нәтижелері туралы ақпаратты қамтыды.

 

 

ТДМ жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Алтынгүл Өтебаева жазғы мектепте ҚР-дағы Дамуды қаржыландыруды бағалау (ДҚБ) тақырыбында дәріс оқыды.

 

Спикер "Кешенді ұлттық қаржыландыру тетігі" (КҰҚТ) ұғымын ашты, осы құралдың қажеттілігі неде екенін айтты, оны іске қосу үшін негізгі құрамдауыштарды атады.

 

"Кешенді ұлттық қаржыландыру тетігі — жоспарлау процестерін нығайтуға және түрақты дамуды қаржыландыру үшін қазіргі кедергілерді еңсеруге және елдік деңгейде тұрақты даму саласындағы мақсаттарға (ТДМ) қол жеткізуге ықпал ететін құрал", - деп түсіндірді Алтынгүл Өтебаева.

 

Сондай-ақ, ол Дамуды қаржыландыруды бағалаудың әдіснамалық негізі (ДҚБ), ҚР-дағы ДҚБ өткізу бағыттары және елдегі дамуды қаржыландыру қажеттілігі туралы айтып берді.

 

Оның айтуынша, ұлттық жобалардағы индикаторлар Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келуі керек.

 

Сөз соңында спикер ҚР-да ДҚБ өткізудің негізгі қорытындылары мен елде КҰҚТ өткізу үшін қажетті қадамдарды атап өтті.


______

Түркістандық мемлекеттік басқарудың  онлайн жазғы мектебі 2021 жылдың 16-31 тамызында өтті. Мектеп тыңдаушылары ретінде 150-ден астам адам тіркелді. Олардың ішінде Ресей, Өзбекстан, Финляндияның 30 отандық жоғары оқу орны мен бес университетінен оқытушылар, докторанттар мен магистранттар, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлерінен мемлекеттік қызметшілер бар. Қазақстанда Мемлекеттік басқарудың жазғы мектебі алғаш рет өткізілді.

 



Қарау саны: 2213
Сақталған: 09.12.2022




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!