Digital IMD-2021 рейтингі

29.09.2021

Қазақстан IMD — 2021 сандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 32 орынға көтерілді

Ел рейтингтің екі факторы – «Технологиялар» және «Болашаққа дайындық» бойынша өз позицияларын жақсартты.

 

Бүгін 29 қыркүйек күні Халықаралық менеджментті дамыту институтының әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы 2021 жылғы Цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижелерін жариялады.

IMD сандық бәсекеге қабілеттілік рейтингі — зерттеу нәтижесі, онда елдер мемлекеттік саясатты, бизнес-модельдерін және жалпы қоғамды трансформациялауға алып келетін цифрлық технологияларды қаншалықты зерттейтінін және игеретінін бағалайды.


Рейтинг үш фактордан құралады:


1 фактор. «Білім» — технологияларды зерттеу және ашу үшін қажетті материалдық емес инфрақұрылымды көрсетеді.


2 фактор «Технологиялар» — сандық технологиялардың даму деңгейін сандық тұрғыдан бағалайды.


3 фактор. »Болашаққа дайындық» — экономиканың цифрлық трансформацияға деңгейі мен дайындығын бағалайды.


Әр фактор үш қосалқы факторды қамтиды.


2021 жылы зерттеу әлемнің 64 елін бағалады. АҚШ сандық бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингісін 4 жыл қатарынан басқарып келеді. Сондай-ақ, үздік 5 елге Гонконг, Швеция, Дания және Сингапур кіреді.


Ағымдағы жылдың зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан 2020 жылғы рейтингпен (36-орын) салыстырғанда 4 тармаққа көтеріліп, 32 орынды иеленді.


Қазақстан Чехия (33 орын), Португалия (34 орын), Словения (35 орын), Сауд Арабиясы (36 орын), Латвия (37 орын), Италия (40 орын), Польша (41 орын), Ресей (42 орын), Түркия (48 орын), Украина (54 орын) сияқты елдерден алда келеді.

Ағымдағы жылы ҚР рейтингтің екі факторы – «Технологиялар» және «Болашаққа дайындық» бойынша өз позицияларын жақсартты.


«Болашаққа дайындық» факторы бойынша Қазақстан соңғы жылдары позициялардың тұрақты өсуін көрсетуде. 2021 жылғы рейтингте ел өз көрсеткіштерін бес тармаққа көтеріп, 28 орынға дейін жақсартты. Бұл қорытынды рейтингке көп әсерін тигізді.

Жақсаруы үш: «Бейімдік қатынастар» – 32 орын (+1 позиция), «Бизнестің икемділігі» – 6 орын (+7 позиция), «АТ-бірігуі» – 44 орын (+2 позиция) бойынша позициялардың артуымен байқалады.

Көрсеткіштер бөлімінде «Интернет сауда» статистикалық көрсеткіші (53-тен 49-орынға) және «Жаһандануға деген көзқарас» (35-тен 27-орынға), «Мүмкіндіктер мен қауіптер» (41-ден 27-орынға), «Компанияның икемділігі» (41-ден 30-орынға) және «Үлкен деректерді пайдалану» (13-тен 6-орынға) сауалнама көрсеткіштері бойынша біршама артқаны байқалады.


«Технология» факторы бойынша ҚР өз позициясын 1 тармаққа жақсартып, 40 орынға ие болды. Жақсаруы барлық үш: «Нормативтік-құқықтық база» - 22 орын (+1 позиция), «Капитал» – 51 орын (+4 позиция), «Технологиялық база» – 47 орын (+1 позиция) қосалқы факторы бойынша позициялардың артуымен түсіндіріледі.


Қазақстанның цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі позициялары (World Digital Competitiveness Ranking IMD)

 

Digital IMD 2020

Digital IMD 2021

Жалпы рейтинг

36

32

1. «Білім» факторы

34

36

Дарындар

49

45

Оқыту және білім беру

4

14

Ғылымға ден қою

54

54

2. «Технологиялар» факторы

41

40

Нормативтік-құқықтық база

23

22

Капитал

55

51

Технологиялық база

48

47

3. «Болашаққа дайындық» факторы

33

28

Бейімдік қатынастар

33

32

Бизнестің икемділігі

13

6

АТ-Бірігуі

46

44

Дереккөзі: IMD World Competitiveness Center
 

Рейтингтің нәтижелерімен толығырақ Халықаралық менеджментті дамыту институтының ресми сайтынан көруге болады (International Institute for Management Development) по ссылке

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ 2008 жылдан бастап ҚР-дағы IMD ресми серіктесі және операторы болып табылады. 



Қарау саны: 1718
Сақталған: 30.09.2021




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!