Реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңес

29.09.2021

Әсет Ерғалиев реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңесте Аумақтарды дамыту жоспарын таныстырды

Жоспар инфрақұрылымның бірыңғай құрылымын құру арқылы өңірлерді біріктіруді болжайды.

 

Президенттің төрағалығымен өткен реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңестің отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Аумақтық даму жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) таныстырды.

 

«Аумақтық даму жоспары өңірлерді кешенді дамытуға, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсартуға, сондай-ақ әлеуетті барынша арттыруға және әр аймақтың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын ескере отырып, жаңа «өсу нүктелерін» қалыптастыруға бағытталған», - деді ҚР ҰЭМ бастығы.



Құжат бес бағытты қарастырады:

  • институционалдық қамтамасыз ету,
  • өңірлер арасындағы негізгі мемлекеттік қызметтердегі олқылықтарды азайту,
  • өңіраралық аумақтық байланысты қамтамасыз ету,
  • өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын дамыту,
  • өңірлер ішіндегі кеңістіктік даму.

Министр қазіргі уақытта агломерация мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың заңнамалық негізі әзірленіп жатқанын атап өтті.

 

Халықаралық тәжірибені ескере отырып және ЭЫДҰ елдерінің үлгісі негізінде әкімшілік-аумақтық құрылымның жаңа стандарттары тұжырымдалуда.

 

«Жоспар инфрақұрылымның бірыңғай құрылымын құру арқылы өңірлерді біріктіруді болжайды. Өңірлік экономиканың дамуы олардың бәсекелестік артықшылықтарын ескере отырып жүзеге асады», - деп атап өтті Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.

 

Министрді тыңдай отырып, Президент Жоспарда бүкіл елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуының негізгі принциптері мен тәсілдері ғана емес, сонымен қатар әр өңірдің дамуының негізгі параметрлері қамтылуы тиіс екенін атап өтті.


«Біздің географиялық, демографиялық және экономикалық ерекшеліктерімізді ескере отырып, Аумақтарды дамыту жоспары мемлекеттік жоспарлаудың ең маңызды құжаты болып табылады. Жергілікті орындардағы жұмыс – дұрыс ұйымдастырылған, жүйелі және жоспарлы жұмыс – қоғамның билікке, оның қабылдаған шаралары мен реформаларына деген оң көзқарасы мен сенімінің негізінде жатыр.Сондықтан Жоспар мемлекеттік органдарға арнап мемлекеттік органдар жазған құжат қана болмауы тиіс. Ол түсінікті болуы және еліміздің әрбір азаматымен дұрыс қабылдануы тиіс. Сондай-ақ, Жоспар бизнес пен инвесторлар үшін өзіндік бағдар болуы керек. Олар өңірлерді біз қалай дамытатынымызды, нені басты назарда ұстайтынымызды, қандай салаларды басымдыққа ие деп есептейтінімізді нақты түсінуі тиіс
», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоспарды құруға «Экономикалық зерттеулер институты» (ERI) АҚ   сарапшылары белсенді қатысты.


Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Аумақтық даму жоспары Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес әзірленді және елдің дамуының ұзақ мерзімді перспективасын анықтайтын құжат болып табылады
, - деді ERI орталығының директоры Қайсар Нығметов.


«Жоспарды әзірлеу кезінде елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының сыртқы және ішкі сын-қатерлеріне кешенді талдау жүргізілді. Атап айтқанда, өңірлер арасындағы негізгі мемлекеттік қызметтердегі алшақтықты азайтуға назар аударылды (коммуналдық қызметтер, білім беру және медициналық қызметтер, цифрлық қызметтер).


Жоспар бес бағытты қарастырады: институционалдық қамтамасыз ету, өңірлер арасындағы негізгі мемлекеттік қызметтердегі олқылықтарды азайту, өңіраралық аумақтық байланысты қамтамасыз ету, өңірлердің бәсекеге қабілетті артықшылықтарын дамыту және өңірлер ішіндегі кеңістіктік даму», - деп қосты сарапшы.

 

Оның айтуынша, Жоспарды құрудағы негізгі қағидалардың бірі - адамға бағытталғандық, яғни халықтың мүддесі үшін аймақтық саясатты қалыптастыру .

 

 

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» және  2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты  Қазақстан халқына Жолдауларында айтылған тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Аумақтық даму жоспарының жобасы әзірленді.


 

Қосымша оқу: Президент реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңестің отырысын өткізді



Қарау саны: 1653
Сақталған: 01.10.2021




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!