Олжас Төлеуов ERI конференциясына қатысады

12.08.2020


«COVID-19 жағдайындағы Қазақстанның еңбек нарығы» - Олжас Төлеуов, Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті
 
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның жұмыспен қамту құрылымына өз түзетулерін енгізді. Бүгінде біз кадрларға деген қажеттіліктің артқанын және еңбек ресурстарының өңірлік біркелкі еместігі мәселесінің шиеленіскенін байқаймыз.
Enbek.kz Электрондық еңбек биржасындағы (ЭЕБ) түйіндеме мен бос жұмыс орындарының саны ТЖ кезінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35% және сәйкесінше 23% - ға төмендегені белгілі.
Алайда мамыр айында ТЖ режимі мен қатаң карантин аяқталғаннан кейін ЭЕБ-дағы түйіндемелер мен бос жұмыс орындарының саны қалпына келіп, сәуір айымен салыстырғанда  1,6 және сәйкесінше 3,5 есе өсті.
Бұл ретте құрылыс жаңа жұмыс орындары құрылатын басты салаға айналды (ЭЕБ-да оның үлесі алғашқы 5 айда 8% - дан 43% - ға дейін өсті).
Өңірлер бөлінісінде ТЖ-дан кейінгі ең көп бос жұмыс орындары Алматы, Нұр-Сұлтан және Қостанай қалаларында құрылды, ал түйіндемелердің негізгі саны Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарына тиесілі.
*Қазақстандағы «шартты тұрғыда» жұмыссыздардың саны; қызмет көрсету саласында ең көп сұранысқа ие бос жұмыс орындары; білікті еңбекке сұраныс пен ұсыныс; COVID-19 еңбек нарығына әсерін жою үшін мемлекет көрсететін қолдау шаралары туралы Олжас Төлеуов 19 тамыздағы онлайн-конференцияда толығырақ айтып береді.*
Онлайн-конференция ұйымдастырушыларының Facebook-тегі ресми парақшаларындағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз @economic.research.kz @aerc.kazakhstan



Қарау саны: 2822
Сақталған: 13.08.2020




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!