ERI жанындағы Бизнесті дамыту жөніндегі кеңес

15.11.2021

ERI жанындағы Бизнесті дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы

 

Бүгін, 15 қарашада Экономикалық зерттеулер институты (ERI) жанындағы Бизнесті дамыту жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) бірінші отырысы өтті.

 

Іс-шараның модераторы "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрағасы және Кеңес төрағасы Руслан Сұлтанов болды.

 

"Бизнесті дамыту жөніндегі кеңес – кәсіпкерлерде туындайтын проблемаларды талқылау және талдау, кейіннен оларды шешу және одан әрі тиісті органдарға жіберу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеуге арналған алаң", — деді Руслан Сұлтанов.

 

Отырыстың күн тәртібі:

1. ҚР кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеуші саясаттың таныстырылымы: негізгі бағыттар мен тәсілдер.

2. ҚР-да цифрлық құралдарды енгізу:

1) цифрлық құралдарды енгізу проблемаларын талдау;
2) ҚР-да таңбалауды енгізудің экономикалық әсерін талдау.

 

ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлік департаменті Саясат басқармасының басшысы Мақсат Қайрешов ҚР кәсіпкерлік қызметі саласындағы жаңа реттеуші саясаттың негізгі бағыттары мен тәсілдерімен таныстырды.

 

Реттеуші саясат жөніндегі заң жобасы аясында бизнеске жүктемені оңтайлы төмендету мақсатында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуде жаңа тәсілдер енгізілетін болады, деп атап өтті спикер.

 

Оның ақпараты бойынша, "таза парақтан" реттеу тәсілдері мыналарды көздейді:

1) Базалық қағидаттарды жетілдіру

2) Талаптарды белгілеу шарттары

3) "1 in 2 out" қағидаты

4) Міндетті талаптар тізілімі

5) Бизнес есептілігін цифрландыру, бақылаудағы талдау тәуекелі

6) Мемлекеттік бақылауды жетілдіру

 

"Қазақстанның Тікелей сатылымдар қауымдастығы" ЗТБ атқарушы директоры Анастасия Калашникова бизнесті цифрландырудың экономикалық тиімділігі туралы айтып берді.

Проблемалық мәселелер арасында спикер бизнес бойынша цифрлық эксперименттердің шексіз ағыны, қаржылық шығындар және т. б. туралы айтты.


 

ERI сарапшысы Азиза Қасенова "Бизнеске қатысты қойылатын цифрлық талаптар" тақырыбымен сөз сөйледі.

 

Сарапшы бар кемшіліктерді немесе функциялардың қайталануын, сондай-ақ, мысалы, деректерді беру функциясы бар БКМ қосу, электрондық шот-фактуралар, ілеспе жүкқұжаттар, виртуалды қойма және таңбалау сияқты бизнеске қойылатын қолданыстағы цифрлық талаптарды жетілдірудің әлеуетті мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі қарастырды.

 

 

ҚР-да таңбалауды енгізудің экономикалық әсерін талдауды ERI сарапшысы Долорес Тюлебекова ұсынды.

 

Атап айтқанда, спикер таңбалаудың түрлі салаларға әсері туралы айтып, Институт сарапшылары жүргізген талдау кезінде анықталған жүйелі проблемаларды, тәуекелдер мен шешімдерді атап өтті.

 

Отырыс барысында бизнестің түрлі салаларының өкілдері қатарынан Кеңес мүшелері талқыланған мәселелер бойынша ұсыныстар енгізді.

 

Бизнесті дамыту жөніндегі кеңестің келесі отырысы келесі аптада өтеді.



Қарау саны: 4831
Сақталған: 20.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!