ТДМ жөніндегі Үйлестіру кеңесінің

16.11.2021

"Бейбітшілік" бағыты бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы

12 қарашада Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің "Бейбітшілік" бағыты бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының (бұдан әрі - ВАЖТ) отырысы өтті.


Кеңесті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов ашты.

Күн тәртібіне екі мәселе қойылды:

1.    "Бейбітшілік" бағыты бойынша ТДМ 16 индикаторлары бойынша "Sustainable Development Report 2021" нәтижелерін талқылау;

2.    Тұрақты даму мақсаттары бойынша екінші Ерікті ұлттық шолуды дайындау туралы.

Бірінші мәселе бойынша "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) ТДМ жөніндегі Хатшылықтың сарапшысы Данна Гафятуллина сөз сөйлеп,  "Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар" 16 ТДМ бойынша Қазақстан қызыл аймақта орналасқанын, бұл мақсатқа қол жеткізбеу тәуекелін тудыратынын атап өтті.

 

Оның айтуынша, бірқатар жылдар бойы мыналар маңызды мәселелер болып қала береді:

адам өлтірудің жоғары деңгейі(100 мың адамға 5,1 адам өлтіру);

елде сыбайлас жемқорлықтың болуы (бұл ретте өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 34-тен 38 балға дейін жақсарды);

БАҚ-та сөз бостандығының болмауы (өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 52,8-ден 54,1 баллға дейін нашарлады).

 

Ағымдағы жағдай және проблемалық индикаторлар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Ішкі істер министрлігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметкерлері ақпарат ұсынды.

Мәселен, ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің таралуын қысқарту және осы құбылыстан болатын өлім-жітім көрсеткіштерін азайту үшін 2020 жылғы желтоқсанда бекітілген "ҚР Ішкі істер министрлігінің кісі өлтіруге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы" іске асырылып жатқанын атап өтті.

 

     ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс—қимыл агенттігінің (бұдан әрі-Агенттік) аға офицері Уәлихан Құрамаев сыбайлас жемқорлық деңгейін            төмендету жұмыстары туралы хабарлады. Агенттікте "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" бағыты бойынша қызметті жүзеге     асыратын "Adaldyq alańy"жобалық кеңсесі құрылды. Сондай-ақ, Агенттік ауқымды ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізуде. "Адал көмек", "Antikor.Live "     және ақпараттық-ағартушылық штабтар шеңберінде 20 мыңнан астам онлайн және оффлайн іс - шаралар өткізді.

БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Зарина Баянова Қазақстанда журналистердің қызметі қалай реттелетіні туралы айтып берді. ҚР ҚК-нің қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын 174 және 274-баптарының екі нормасы БАҚ қызметін шектеуші болып табылады. "Жала жабу туралы" бапқа ұқсас ӘҚБтК-де (Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі: "Көрінеу жалған ақпарат тарату" және "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру" деген баптарды қылмыстық сипаттан арылту бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұдан басқа, қазір "БАҚ туралы Заңды" жетілдіру және оны БАҚ саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

Екінші мәселе бойынша ERI ТДМ жөнінідегі Хатшылық директорының орынбасары Алтынгүл Өтебаева сөз сөйледі, ол 2022 жылы Жоғары деңгейдегі саяси форумда ұсынылатын ерікті ұлттық шолу жоспары бойынша жұмыстарды жандандыруға назар аударды

 

Оның айтуынша, келесі жылы бес басым мақсат айқындалды: "Сапалы білім беру" 4 ТДМ, "Гендерлік теңдік" 5 ТДМ, "Теңіз экожүйелерін сақтау" 14 ТДМ, "Құрлық экожүйелерін сақтау" 15 ТДМ және  "Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік" 17 ТДМ.


Бірақ биылғы жылы әр елдің тұсаукесер үшін басқа да басым мақсаттарды анықтауға мүмкіндігі бар. Бұл мәселе үшін екі нұсқа ұсынылады: Жалпыұлттық басымдықтарды негізге алу немесе басым мақсаттарды таңдау үшін барлық мүдделі тараптарды тарту.


 

"Бейбітшілік" ВАЖТ отырысының қорытындысы бойынша келесі бағыттар бойынша хаттамалық шешім қабылданды:

— жүйелік негізде ТДМ Индексі рейтингісінің нәтижелеріне мониторинг жүргізу;

— жергілікті атқарушы органдардың, ҮЕҰ мен бизнестің жәрдемдесуімен ТДМ оқшаулау бойынша жұмысты жандандыру;

— 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарын дайындау;

     — 2022 жылға арналған жұмыс жоспарында 2021 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы шілде аралығында жоспарланған іс-шараларды көрсете отырып, өз құзыреті шеңберінде ЕҰШ-2022 жобасын дайындау бойынша жұмысты жандандыру.




Қарау саны: 4844
Сақталған: 17.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!