ҚР заң жобалары әрекетінің салдарын бағалау

19.11.2021

ҚР заң жобалары әрекетінің әлеуметтік-экономикалық салдарларына бағалау жүргізу сапасын арттыру

 

17 қарашада "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) орталығы "Қазақстан Республикасы заң жобалары әрекеттерінің әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалауды жүргізу сапасын арттыру" тақырыбында практикалық онлайн-семинар өткізді.

 

ERI Басқарма төрағасының орынбасары Әлихан Абақанов сәлемдесу сөзімен сөйледі.

 

Модератор ретінде ERI Орталығының директоры Салтанат Ахметжанова болды, ERI Орталығы директорының орынбасары Ксения Загал баяндама жасады.

 

Семинарға заң жобаларын әзірлеумен айналысатын 22 мемлекеттік органның қызметкерлері қатысты.

 

Заң жобасын әзірлеу кезінде әзірлеушілер Паспортты толтырады, ол заң жобасы шешуге бағытталған проблема, оның мақсаттары мен міндеттері, әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау және т.б. туралы ақпараты бар құжат болып табылады.

 

Паспортты толтыру кезінде әзірлеуші Заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алады.

 

Семинардың мақсаты: заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдарды Әдістемелік ұсынымдар негізінде Паспортты нақты және сауатты толтыруға үйрету, өйткені әзірленетін заң жобаларының сапасы оның дұрыс толтырылуына байланысты.

 

Семинар барысында қатысушылар туристік қызмет мәселелері бойынша заң жобасының жекелеген нормаларын қарастырды, оның мысалында әзірлеуші мемлекеттік органдар баяндамашымен бірге Паспорттың бөлімдерін толтырды.

 

Қаралған мысал заң жобаларын әзірлеушілерге мемлекет үшін де, бизнес үшін де, халық үшін де пайда мен шығасыларға дербес талдау жүргізуге мүмкіндік берді.

 

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға Паспортты толтырудың жеке мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.  

 



Қарау саны: 3397
Сақталған: 22.09.2023




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2023 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!