ТДМ бойынша панельдік сессияның спикері: Жәнібек Айғазин

22.11.2021

"Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы" X Азаматтық форумы

БҰҰДБ-ның панельдік сессиясы: "БҰҰ-ның Тұрақты Даму Мақсаттары-Қазақстанның болашақ бейнесі" 

"Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы" ЖШС Бас директоры Жәнібек Айғазин бүгін, 22 қараша күні сағат 10:00-де Алматыда өтетін "Қоғам мен мемлекеттің тұрақты даму мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы" X Азаматтық форумында сөз сөйлейді.

 

Спикер өз сөзінде ҚР-да ТДМ-ға қол жеткізудегі жеке сектордың рөлі туралы айтып береді.

 

2030 жылдың Күн тәртібі қабылданған сәттен бастап Қазақстан білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, қаржылық қызметтер мен қаражатқа қолжетімділікті кеңейту, кедейліктің өткірлігін қысқарту және сот жүйесін жаңғырту мәселелерінде айтарлықтай прогреске қол жеткізді.

 

Алдағы 2030 жылға дейінгі кезең неғұрлым прагматикалық, практикалық тәсілді — тиімді бастамаларды, шараларды, сондай-ақ Қазақстанда, сондай-ақ тұтастай өңірде ТДМ-ды іске асыруға қомақты үлес қосатын жобаларды талап етеді.

Бүгінгі күннің негізгі мақсаты тұрақты дамудың маңыздылығын түсінуден нақты әрекеттерге көшу болуы керек.

Бір жағынан, бұл мемлекет тарапынан жауапты мінез-құлық пен саяси ерік-жігерді талап етеді. Екінші жағынан, барлығының қатысуы және ресурстардың максималды көлемін жұмылдыру маңызды.

Бұл ретте жаңа технологияларды енгізу және ТДМ-ға қол жеткізуге бағытталған жобаларға тікелей қаржыландыруды тарту үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға қабілетті жеке сектор түйінді бола алады.

Жәнібек Айғазин-экономика ғылымдарының кандидаты, "Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы" ЖШС (Applied Economics Research Centre) бас директоры.

 

Жәнібек Айғазин әр жылдары ҚР Статистика агенттігінің бас маманы, ҚР Экономика және сауда министрлігінің бөлім бастығы және басқарма бастығының орынбасары, TACIS жобасының консультанты, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Басқарма бастығы және Аппарат басшысының орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің департамент директорының орынбасары, "ҚазТрансОйл" АҚ департамент директорының орынбасары және департамент директоры, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ атқарушы директоры, "Арна Медиа" ҰАХ" АҚ Басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

 

AERC бизнес және мемлекеттік басқару саласында: стратегиялық консалтинг, қаржылық консалтинг, қолданбалы экономикалық зерттеулер, саясаттың әсерін талдау және бағалау, ресурстарды нормалау, еңбекақы төлеу, бизнес-процестерді жетілдіру және әлеуметтік зерттеулер саласында кәсіби кешенді консультациялық қызметтер ұсынуға маманданған.



———

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) форумның негізгі ұйымдастырушысы — Қазақстанның Азаматтық альянсымен бірлесіп "БҰҰ Тұрақты Даму Мақсаттары — Қазақстанның болашақ бейнесі" Панельдік сессиясының ұйымдастырушылары болып табылады.

 

Форум туралы толығырақ мына жерден оқыңыз



Қарау саны: 3035
Сақталған: 02.12.2021




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2023 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!