рус / eng / kaz    
     

Алматыдағы Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайындағы

06.12.2021

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында ТДМ-ға арналған экспозиция қойылады
 

8 желтоқсан күні сағат 16: 00-де Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының аумағында Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) арналған инсталляцияның ресми ашылуы өтеді.

Іс-шара елдегі ТДМ-ға қол жеткізу үшін барлық мүдделі серіктестердің күш-жігерін біріктіруге бағытталған. 

Қазақстан 2030 жылға қарай ТДМ-ға қол жеткізу бойынша өзіне алған міндеттемелерге қол жеткізу үшін белсенді жұмыс істеуде. Осылайша, ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығымен Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесі құрылды.

Инсталляцияда 17 ТДМ-ның әрқайсысы үшін интерактивті форматта үш тілде өзектілігін, проблеманы және шешу жолдарын сипаттайтын элементтер бар. Арт-нысандар қазақстандық экодизайнер Әйгерім Ақенованың ("Айкен" студиясы) ТДМ қаржыландыру бойынша бірінші өңірлік саммиті үшін әзірленген болатын.     

Іс-шара Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының  Экономикалық зерттеулер институтымен бірге ынтымақтастығы аясында өткізіледі.

БАҚ өкілдерін аккредиттеу мәселелері бойынша +77071389888 нөміріне хабарласуды сұраймыз.

 



Қарау саны: 187
Сақталған: 22.01.2022




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!