Мемлекет басшысы Армения Премьер-Министрімен

25.02.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянмен келіссөздер өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында сауда-экономикалық, оның ішінде ЕАЭО желісі бойынша ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аудара отырып, қазақстан-армян қатынастарын дамыту перспективалары қаралды. Көшбасшылар сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мен Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады.


Армения Премьер-Министрін қарсы ала отырып, Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

"Биыл біз дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтудеміз. Өте маңызды күн. Жоғарғы және жоғары деңгейлерде ашық саяси диалог жолға қойылған. Парламенттік байланыстар, мәдени-гуманитарлық байланыстар дамып келеді", - деді Президент.

Мемлекет басшысы Арменияның ҰҚШҰ-ға ағымдағы төрағалығын жоғары бағалап, Никол Пашинянға қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде ҰҚШҰ бітімгершілік контингентін Қазақстанға жіберу туралы шешімді қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде армян Үкіметінің басшысы қонақжайлық көрсеткені және ЕҮАК отырысын ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін алғысын білдірді.

"Біздің Қазақстанмен қарым-қатынасымыз табысты дамып келе жатқанына өте қуаныштымын. Қазір ЕАЭО форматында біз одан әрі экономикалық ынтымақтастық және Еуразиялық экономикалық кеңістікті дамыту мәселелерін талқылаудамыз", – деді Никол Пашинян.

Ол сондай-ақ ҰҚШҰ-ның дағдарысқа қарсы әрекет ету тетіктерін оң бағалап, Арменияның ұйымға төрағалығы аясындағы осы мәселенің басымдығын атап өтті.

"ҚР мен Армения арасындағы тауар айналымы 2021 жылы $19,1 млн-ға жетіп, 34,1% - ға нығайды, алайда сауданың бұл деңгейі ЕАЭО-ның басқа елдерімен салыстырғанда ең төмен және Қазақстанның осы экономикалық кеңістікпен барлық саудасының небәрі 0,07% - ын құрайды. Қазақстаннан Арменияға экспорт 2021 жылы 45,8% - ға өсіп, $9,3 млн құрады.  Қазақстан Арменияға трансформаторлар, аккумуляторлар, тірі ІҚМ, шошқа еті, сүт өнімдерін және т. б. жеткізеді, бұл ретте Армениядан тауарлар импорты 24,5% - ға өсіп, $9,7 млн құрады. Біздің нарықтағы негізгі армян тауарлары күшті спирттік ішімдіктер, жеміс шырындары, дәрілік заттар, зергерлік бұйымдар, басқа да тамақ өнімдері болып табылады", — деп атап өтті "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ сарапшылары.



Қарау саны: 3930
Сақталған: 28.02.2022




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2023 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!