Түркістан облысының

28.02.2022

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ сарапшысынан Түркістан облысының сыртқы саудасы бойынша талдау

Облыстың сыртқы сауда айналымы: $1,25 млрд (2021 жылы) – бұл 2020 жылға қарағанда 5,5% - ға жоғары ($1,19 млрд).

Экспорт: $748 млн (тауар айналымында 60%) — өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 22,4% - ға жоғары ($611,2 млн). Тауарлар экспорты бойынша Алматы және Павлодар облыстарын озып, Қостанай облысынан кейін бірден 11-ші орында.

Экспорт құрылымы: 37,3% — шикізат, 55,1% — жартылай дайын өнімдер, 7,6% - дайын тауарлар.

Экспорттық тауарлар: уран (49,9%), мұнай (9,6%), мақта талшығы (8,4%), тірі ІҚМ (6,8%), бидай (5,2%) және салқындатылған сиыр еті (2,4%). Сондай-ақ, өңірден тірі қойлар, трансформаторлар, күшті спирттік ішімдіктер, картоп, ұн, балық, бақша өнімдері экспортталады. Экспорты $100 мыңнан асатын позициялар саны-101.

Түркістан тауарлары қайда жіберіледі: Ресей (56,4%), Өзбекстан (21,7%), Қытай (10,3%), Түркия (3,3%) және Латвия (1,8%). Түркістан экспорты $100 мыңнан асатын елдер саны – 24.

Импорт: $504 млн (облыстың тауар айналымындағы 40%) – 2020 жылға қарағанда 12,4% - ға төмен ($575,4 млн). Тауарлар импорты бойынша ҚР өңірлері арасында 15-ші орында (Маңғыстау, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан төмен).

Импорт құрылымы: 34,2% — шикізат, 35,6% — жартылай дайын өнімдер, 30,3% - дайын тауарлар.

Импортталатын тауарлар: жемістер (15,7%), көкөністер (14,4%), машиналар мен жабдықтар (9,3%), ағаштан жасалған бұйымдар (6,5%), пластмасса бұйымдары (5,8%). Импорты $100 мыңнан асатын тауарлар саны-529.

Импорт қайдан келеді: Өзбекстан (34,9%), Ресей (24,4%), Түркия (12,3%), Қытай (8,5%) және Тәжікстан (3,9%). Облыс $100 мыңнан астам тауар сатып алатын серіктес елдердің саны-41.

Қызықты дерек: Түркістан облысы дәстүрлі түрде Қазақстаннан жемістердің (бақша, жүзім, құрма, өрік) басты экспорттаушысы болып табылады. 2019-2020 жылдары өңірден шамамен $39-41 млн. сомасына жемістер жөнелтілді. Алайда 2021 жылы олардың көлемі күрт $8,6 млн. дейін қысқарды. Қарбыз, кептірілген өрік, жүзім және құрма экспорты іс жүзінде тоқтатылды.

 

@ERI_Monitor Telegram-ында оқу



Қарау саны: 4114
Сақталған: 22.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!