ERI және ҚР-дағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің кеңсесі

23.06.2022

Бүгін, 23 маусымда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) және БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестіруші Кеңсесі өкілдерінің ресми кездесуі өтті. 

Институт тарапынан кездесуге ERI Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов, Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың директоры Бақытгүл Хамбар және ТДМ жөніндегі  Хатшылық директорының орынбасары Алтынгүл Өтебаева қатысты.

 

Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің кеңсесінен ҚР БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, аға экономист Марат Шашкенов және баспасөз пен коммуникациялар жөніндегі кеңесші Эльнара Байназарова қатысты.

 

Микаэла Фриберг-Стори Қазақстандағы БҰҰ қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті.

 

Руслан Сұлтанов ERI құрылымы мен қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, екінші Ерікті ұлттық шолуды дайындауды қоса алғанда, ТДМ саласында Институт жүргізіп жатқан жұмыстарды түсіндірді, сондай-ақ әзірленген бағдарламалар мен тұжырымдамалардың мысалдарын келтірді.

 

Қазақстандағы БҰҰ өкілдері Тұрақты даму саласындағы мақсаттарды іске асыруға жәрдемдесу шеңберінде одан әрі өзара іс — қимылдың нұсқаларын-үш негізгі бағытты қамтитын негіздемелік ынтымақтастық бағдарламасын ұсынды:

1) Адами даму

2) Институционалдық даму

3) Экономиканың тұрақты дамуы және экология мәселелері.

 

Кездесу соңында тараптар одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

 

 



Қарау саны: 940
Сақталған: 24.06.2022




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!