ERI сарапшысы медициналық көмекке қолжетімділік туралы

01.09.2022

ERI сарапшысы: Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету сапалы медициналық қызмет көрсетуді көздейді

 

"Екі жыл ішінде бүгінде медициналық мекемелері жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толық жарақтандырылады. Осылайша, мемлекет миллионнан астам азаматтың алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемелер болып қайта құрылатын болады.

Оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімшелері пайда болады.

Бұл төрт миллионнан астам азамат үшін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді".

 

"Адамдардың денсаулығын жақсартуға, қолдауға және қалпына келтіруге ықпал ететін қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесін қамтамасыз ету — мемлекеттік саясаттың жалпыұлттық басымдықтарының бірі. Алайда, ауылдық елді мекендер деңгейінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселесі әлі де өзекті", — дейді "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Орталығы директорының орынбасары Сәуле Самекина.

Ол Өңірлік стандарттар жүйесі шеңберінде әлеуметтік сала объектілерінің, оның ішінде денсаулық сақтау бағыты бойынша қамтамасыз етілу және қолжетімділік деңгейі айқындалатынын атап өтті. Осылайша, 2021 жылы денсаулық сақтау мекемелерін салуға жиынтық қажеттілік 658 объектіні құрады (немесе қолда бар 6 054-тен 10,9%). Жаңа мекемелерге барынша қажеттілік Жетісу (110), Алматы (76) және Түркістан (59) облыстарында байқалады.



Жаңа құрылысқа деген қажеттілік, әдетте, қолданыстағы мекемелердің болмауына немесе апатына байланысты. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша еліміз бойынша авариялық жағдайда 210 нысан тіркелген. Авариялық объектілердің ең көп саны Жетісу (42), Алматы (39) және Ақмола (24) облыстарында байқалады.

"Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету сапалы медициналық қызмет көрсетуді көздейді. Алайда, бүгінде ауыл деңгейіндегі жұмыс істеп тұрған мекемелердің әрбір жетіншісі кадрлармен толықтырылмаған және барлығы дерлік материалдық-техникалық жарақтандыруды талап етеді. Үкімет фельдшерлік-акушерлік пункттер мен көпсалалы мекемелерде жұмыс істеу үшін ауылдық жерлерге медицина қызметкерлерін тарту міндетін шешуді қарастыруы керек", — деп қорытындылады ERI сарапшысы.

 

 


Telegram   




Қарау саны: 3405
Сақталған: 17.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!