Қостанай облысының сыртқы саудасы

05.09.2022

Қостанай облысының 2022 жылдың І жартыжылдығындағы сыртқы саудасы

Облыстың сыртқы сауда айналымы: $2,2 млрд – бұл 2021 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 7,9% - ға жоғары ($2,0 млрд).


Экспорт: $0,95 млрд
(тауар айналымында 44%) — 2021 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 14% - ға аз ($1,1 млрд).  Экспорт көлемінің төмендеуі темір кендерін сыртқы сатудың $807 млн-нан $513 млн-ға дейін төмендеуі есебінен болды. Атап айтқанда, Ресей Қостанай темір кенін сатып алуды $578 млн-нан $206 млн-ға дейін төмендетті.

Экспорт құрылымы: 72% — шикізат, 23% — жартылай дайын өнімдер 5% - дайын тауарлар.

Экспорттық тауарлар: темір кені (53,8%), ұн (18,4%), бидай (7,9%), асбест (3,4%), зығыр тұқымы (2,5%) және дәнді немесе бұршақты дақылдарды қайта өңдеу қалдықтары (2,3%). Облыстан сондай-ақ, бұршақ тұқымдас көкөністер, жеңіл және жүк көліктері, күнбағыс тұқымдары, сиыр еті, күнбағыс майы, арпа, макарон өнімдері экспортталады. Экспорты $100 мыңнан асатын позициялар саны-98.

Қостанай облысының тауарлары қайда жіберіледі: Қытай (34,8%), Ресей (28%), Өзбекстан (9,8%), Ауғанстан (17,3%) және Түркіменстан (2,7%).

Қостанай облысының ресми экспорты $100 мыңнан асатын елдер саны – 28.

"Өңірдің экспорттаушылары Индонезия (асбест) және Словения (қарақұмық, зығыр тұқымдары) нарықтарын ашты. Экспорттың шағын көлемі алғаш рет БАӘ, Швейцария және Болгарияға жөнелтілді", — деп атап өтті "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) сарапшысы Ернар Серік.


Импорт: $1,2 млрд (облыстың тауар айналымында 56%) – 2021 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 27% - ға жоғары ($0,9 млрд). Жеңіл автомобильдерге (шанақтар, қозғалтқыштар) және тұқымдық бидайға арналған құрамдастардың импорты еселеп ұлғайтылды.

Импорт құрылымы: 63% — дайын тауарлар, 29% — жартылай дайын өнімдер, 9% - шикізат.

2021 жылы импортталатын тауарлар: автомобиль шанақтары (19,4%), қоспаланбаған болаттан жасалған жартылай дайын өнімдер (9,5%), іштен жану қозғалтқыштары (9,1%), автомобильдер мен тракторларға арналған бөлшектер мен керек-жарақтар (5,6%) және дәрі-дәрмектер (3,4%). Импорты $100 мыңнан асатын тауарлар саны – 616.

Импорт қайдан келеді: Ресей (50%), Өзбекстан (14,6%), Оңтүстік Корея (10,1%), Қытай (9,3%) және Беларусь (3,3%). Облыс $100 мыңнан астам тауар сатып алатын серіктес елдердің саны-55.




Telegram   



Facebook


 



Қарау саны: 530
Сақталған: 06.09.2022




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!