ҰБО-ның Қазақстанның Азаматтық Альянсымен онлайн-кездесуі

09.09.2022

ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарын ілгерілету және сақтау


ЭЫДҰ-ның көпұлтты компанияларға арналған Басшылық қағидаттары-бұл мемлекеттік саясатқа қайшы келмейтін көпұлтты компаниялардың қызметін қамтамасыз етуге, кәсіпорындар мен қоғам арасындағы өзара сенім негіздерін нығайтуға, инвестициялық
ахуалды жақсартуға жәрдемдесуге және көпұлтты кәсіпорындардың орнықты дамуға қосатын үлесін кеңейтуге арналған қағидаттар жиынтығы.

8 қыркүйекте "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Қазақстандық Ұлттық байланыс орталығы Хатшылығы өкілдерінің "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ (ҚАА) қоғамдық ұйымымен онлайн-кездесуі өтті.

Талқылауға ҚАА Президенті Бану Нұрғазиева, директор Мұрат Омашев, Қазақстанның өңірлік азаматтық альянстарының көшбасшылары қатысты.

Қазақстан ҰБО Хатшылығының басшысы Азиза Қасенова мен ERI Орталығының директоры Долорес Тюлебекова сәлемдесу сөзімен сөйледі. Спикерлер Қазақстанның ҰБО ағымдағы жұмысы мен қызметі және халықаралық кейстер мысалында ЭЫДҰ Басшылық қағидаттары туралы айтып берді. 

"ҰБО Хатшылығы шеңберінде ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының негізгі элементтерін тарату және жинақтау үшін жиынтық чек-парақтар дайындалды", — деп атап өтті спикерлер.

"Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева өз сөзінде альянстың қазіргі жұмысы мен қызметі туралы айтып, медиаторларды оқытудың маңыздылығын және оның медиация қызметтерінің сапасы үшін маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында "Жамбыл облысының КЕҰ Қауымдастығы" ЗТБ басшысы А.О. Заурбекова тарапынан Қазақстандағы нақты жағдайларға және сарапшылар құрамының жағдайларына қатысты сұрақтар келіп түсті, оларға толық жауаптар алынды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар танымдық онлайн-кездесу өткізгені үшін үлкен алғыстарын білдірді .

"Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ өкілдері белсенді ынтымақтастыққа дайындығын атап өтіп, ҰБО Хатшылығын ағымдағы жылдың 6-7 қазанына жоспарланған ҮЕҰ кеңейтілген конференциясына қатысуға шақырды.


Анықтамалық: 

ҰБО — ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының ережелерін бұзу туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлықпен күрес, пара алу және қорқытып алу, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша қаралатын өтініштер бойынша шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган. 

 

"Қазақстанның Азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігі — үкіметтік емес сектордың мүдделерін білдіретін қоғамдық ұйым.

ҚАА бүгінде-14 облыста, Астана және Алматы қалаларында ұсынылған 16 өңірлік желілік құрылымдар арқылы Қазақстанның 500-ден астам ҮЕҰ біріктіретін бірегей институт. Альянс қызметі азаматтық қоғамды дамытуға және қоғам, билік пен бизнес арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл мен серіктестікті қалыптастыруға бағытталған.

 



Қарау саны: 525
Сақталған: 09.12.2022




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!