Лайықты жұмыс пен бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге байланысты үрдістер мен проблемалар

30.06.2023

ЭЫДҰ және Халықаралық еңбек ұйымы (бұдан әрі - ХЕҰ) лайықты еңбек пен бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге байланысты үрдістер мен мәселелерге арналған бірқатар вебинарлар ұйымдастырды. Аталған вебинарлар Ұлттық байланыс орталықтарына (бұдан әрі – ҰБО) ХЕҰ сарапшыларынан өзекті еңбек мәселелері бойынша жаңартылған ақпарат алуға, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Отырысқа Қазақстан ҰКО хатшылығының қызметкерлері – Мусина А., Сман Г. қатысты.

Ағымдағы жылдың 24 мамырында ХЕҰ Халықаралық оқу орталығының бағдарламалары бойынша аға қызметкері - Карл Пфеффердің төрағалығымен «Қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасы жұмыс орнындағы негіздік қағидат және құқық ретінде» тақырыбында бірінші вебинар өтті.

Вебинар барысында Франсиско Сантос О'Коннор - ХЕҰ консультанты, Халықаралық еңбек конференциясы 2022 жылғы маусым айында ХЕҰ-ның еңбек саласындағы негіздік принциптер мен құқықтар туралы декларациясына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдағанын айтты.
 
Декларацияның негізгі мақсаты: «Барлық мүше-мемлекеттер, егер олар тиісті конвенцияларды ратификацияламаса да (№155 және 187), осы Конвенциялардың құралы болып табылатын негізгі құқықтарға қатысты қағидаттарды құрметтеуге, көтермелеуге және Конституцияға сәйкес адал жүзеге асыруға міндетті».

Ағымдағы жылдың 31 мамырында «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымды жою» тақырыбында екінші вебинар өтті. Валентина Бегини – ХЕҰ құқықтық мәселелері жөніндегі маман, еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымшылық кең таралған құбылыс екенін атап өтті. Сонымен қатар, ХЕҰ Конвенциясы (№ 190) мүше-мемлекеттерден тәсілдің инклюзивті, кешенді және гендерлік аспектілерін ескере қабылдай отырып, қолданылатын үшінші тараптардың қатысуымен зорлық-зомбылық пен қудалауды назарға алуды талап етеді.

Ағымдағы жылдың 14 маусым айында өткен үшінші вебинар аясында «Дауларды шешудің және шағым берудің қолданыстағы тетіктеріне шолу» тақырыбында 1967 жылғы (№ 130) халықаралық еңбек стандарттары және шағымдарды қарау жөніндегі ұсынымдар туралы айтылды.

Сонымен қатар, мәжбүрлі арбитраж ереуілге шығу құқығын шектеу болып табылады және ерікті ұжымдық келіссөздермен, сондай-ақ жанжалды басқарудың бірнеше мақсаттарымен үйлеспейтіндігі атап өтілді: жұмысшылардың міндеттемесі мен уәждемесі үшін, өнімділік пен пайдалылығы үшін, жұмысшылар мен менеджерлер арасындағы сенімді нығайту үшін және т. б. Бұл жағдайда ХЕҰ Жарғысы халықаралық еңбек стандарттарынан туындайтын ұсыныстар береді: «Жалпыға ортақ және берік бейбітшілік әлеуметтік әділеттілікке негізделген жағдайда ғана орнатылуы мүмкін».

Вебинарлар соңында қатысушылар пікір алмасты, еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымның алдын алу және жою, сондай-ақ тартысты жағдайларды шешу үшін қандай қосымша әрекеттер қажет екенін талқылады.

Соңында қатысушылар жемісті және қызықты пікірталас үшін алғыстарын білдірді.




Қарау саны: 919
Сақталған: 28.02.2024




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2023 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!