Халықтың табысы мен өмір сүру сапасын арттыру Бағдарламасын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсе Басқарушы комитетінің отырысы өтті

13.09.2023

Халықтың табысын арттыру бағдарламасы және ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы сияқты құжаттарды сапалы іске асыру үшін экономикалық зерттеулер институтының базасында халықтың табысы мен өмір сүру сапасын арттыру Бағдарламасын іске асыру бойынша жобалық кеңсе құрылды.


Жобалық кеңсе шеңберінде "Ауыл аманаты", "Ауыл-ел бесігі" және "Жаңа қала" атты 3 базалық бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бүгін басқарушы комитеттің отырысы аясында мемлекеттік органдармен, олардың жобалық кеңселерімен және ұйымдарымен индикаторлардың тізбесі (KPI) және олардың өңірлер деңгейіне ыдырауы талқыланды.


Сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар деңгейінде де, Барлық облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде де жобалық рөлдер мен жауапкершілік матрицасын толтыру мәселесі қаралды.

Сондай-ақ, жобалық кеңсе жұмысын ақпараттық қолдауға назар аудару туралы шешім қабылданды.

Жобалық кеңсені құру халықтың табысын арттыру бағдарламасын және ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын сапалы іске асыру жөніндегі жұмысты құруға, проблемалық мәселелерді жедел анықтауға және шешуге мүмкіндік береді.




Қарау саны: 539
Сақталған: 28.02.2024




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2023 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!