Су ресурстарын интеграцияланған басқару бойынша даму және жаһандық есеп беру

18.09.2023

14-15 қыркүйекте «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ алаңында су ресурстарын кешенді басқаруды енгізу дәрежесі туралы жаһандық есепті ұсыну және жұмыс барысын талқылау бойынша жиын өтті.


Су ресурстарын кешенді басқару еліміздің тұрақты дамуының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Деректер жыл сайын «Су ресурстарын кешенді басқаруды енгізу дәрежесі» халықаралық сауалнамасы негізінде жасалады.

Шараны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Орталық Азия мен Кавказдың жаһандық су серіктестігімен бірлесіп ұйымдастырды.


Семинарда ұлттық және субұлттық деңгейлерде су ресурстарын кешенді басқарудың негізін қалайтын бағдарламалық құжаттар мен заңнаманың ағымдағы жағдайы талқыланды.

Сондай-ақ, су ресурстарын басқару институттары мен құралдарының жай-күйіне, соның ішінде осы саладағы қаржыландыруды бағалауға талдау жасалды.

Кеңес жұмысына Қазақстанның Ұлттық су әріптестігінің, Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі бассейндік инспекциялардың, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, сондай-ақ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар осы саладағы есеп беру процесін нақтылау үшін ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.




Қарау саны: 608
Сақталған: 28.02.2024




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2023 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!