Қазақстан IMD-2023 әлемдік таланттар рейтингінде

09.10.2023

2023 жылдың 22 қыркүйегінде IMD әлемдік таланттар рейтингі (IMD World Talent Ranking 2023) нәтижелері жарияланды.
 
Таланттардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құрамдас бөлігі таланттарды тарту және қолдау қабілеті болып табылады.

Рейтингке жалпы 64 ел қатысып өз шеберлігін көрсетті. Қазақстан таланттар рейтингінде 38-орынға ие болып, өткен жылдың нәтижесімен салыстырғанда 1 тармаққа көтерілді. Ел Латвияны (39-орын), Қытайды (41-орын), Италияны (42-орын), Жапонияны (43-орын), Польшаны (44-орын), Венгрияны (48-орын) басып озды.


Ел позициясының көтерілуіне «Инвестициялар және даму» факторының жақсаруы әсер етті, ол бойынша ел өткен жылдың нәтижелерімен салыстырғанда 2 тармаққа көтеріліп, 28-орынға ие болды.
 
Білім беруге арналған жалпы мемлекеттік шығыстардың жыл сайын ЖІӨ-ден 4,8%-тен (2020 жылғы деректер) ЖІӨ-ден 5,2%-ке дейін ұлғаюы (2021 жылғы деректер) позицияны 9 тармаққа (36-дан 27-орынға) көтеруге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, респонденттердің жоғары бағалауының арқасында ел денсаулық сақтау инфрақұрылымының қолжетімділігі бойынша позицияны 43-тен 41-орынға және шәкірттікті қамтамасыз ету бойынша 23-тен 22-орынға жақсартты.

«Дайындық» факторы бойынша Қазақстанның позициясы өзгеріссіз қалды – 44 орын және «Тартымдылық» факторы бойынша позицияның шамалы нашарлауы байқалады: 41-ден 42-орынға дейін.

Айта кету керек, үшінші жыл қатарынан респонденттердің таланттарды тартуға және ұстап қалуға (2021 жылы 35-орыннан 2023 жылы 38-орынға дейін), шетелдік жоғары білікті персоналдың болуына (2021 жылы 25- орыннан 2023 жылы 30-орынға дейін), топ-менеджерлердің құзыреттілігіне (2021 жылы 18-орыннан 2023 жылы 30-орынға дейін) қатысты пікірлерінің нашарлауы байқалады.

Осыған қарамастан, бірнеше жыл бойы Қазақстан өмір сүру құнының индексі бойынша бәсекеге қабілетті 2-ші позицияны иеленді, ал орта білім берудегі оқушылар мен мұғалімдердің арақатынасы – 3-орын (бір мұғалімге 8,28 оқушы) алды.
 
10 жыл қатарынан рейтингтің көшбасшысы – Швейцария болып келеді. Ел жергілікті таланттарды дамыту, шетелдік таланттарды тарту және оларды ел ішінде қалдыру арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізуде тамаша нәтижелер көрсетуде.

Одан кейін Люксембург (2-орын), Исландия (3-орын), Бельгия (4-орын) және Нидерланды (5-орын) жайғасты.
 
Бұл елдер шетелдік таланттарды тартудың орталығы болып табылады, олар басшылардың халықаралық ұтқырлығының негізгі факторы үлкен перспективалар, қауіпсіздік пен тұрақтылық сезімі екенін көрседі.

Айта кету керек, таланттар рейтингіне қатысатын елдердің көпшілігі (Сингапур, Швейцария, Германия және Дания) кадрларды кәсіби даярлауға, сондай-ақ қолайлы орта құруға көбірек көңіл бөледі, соның арқасында таланттарды тарту бойынша өз әлеуетін нығайтады.
 
Сонымен бірге, ағымдағы рейтингте басшыларға жұмыс үлгілерін дәстүрліден гибридті модельге өзгертуге қатысты қосымша сауалнама жүргізілді. 
Сауалнама нәтижелері өте қызықты, бұл сауалнамаға қатысқан басшылардың шамамен 68%-і кеңседе болу мансаптық өсу үшін маңызды деп санайды, ал 27%-і оның, керісінше, зиянды екенін көрсетті.
 
Осылайша, кеңсе моделіне оралу үрдісі артып келеді. Көптеген басшылар гибридті жұмыс түрінде жеке өмір мен жұмыс арасындағы тепе-теңдікті табу біраз қызметкерлер үшін қиын процесс деп санайды. 





Қарау саны: 761
Сақталған: 09.10.2023






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!