ҚР энергетикалық жүйесі мен электржелілік объектілерінің қауіпсіздігі

11.10.2023

2023 жылғы 5-6 қазанда Экономикалық зерттеулер институтының өкілдері Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығымен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында «ҚР энергетикалық жүйесі мен электржелілік объектілерінің қауіпсіздігі» конференциясына қатысты.

Аталған іс-шарада Экономикалық зерттеулер институтынан басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Нығметов және салалық талдау орталығының директоры Тимур Усеев қатысты. Қатысудың мақсаты саланың мәселелерін түсіну, сондай-ақ қолданыстағы өндіріспен танысу болды.


Конференция ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Alageum Electric» АҚ қолдауымен «Asia Trafo» ЖШС (Шымкент қ.) алаңында ұйымдастырылды және электротехникалық жабдық өндірушілерін, пайдаланушы ұйымдарды, жобалау институттарын, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері мен бизнес өкілдерін жинады.


Бірінші блокта ҚР электр энергетикалық кешенінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығының басқарушы директоры Ғалым Болатов: «Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығын ескере отырып, бәсекеге қабілетті отандық өндірістің болуы, ең алдымен, қауіпсіздік тұрғысынан оны табысты және тиімді іске асырудың негізгі факторларының біріне айналуда. Бүгінгі таңда өндірушілер бірінші кезекте тұтынушылардың талаптарына сүйенеді, дегенмен жалпы базалық талаптар қажет».

«Атамекен» ҚР ҰКП Техникалық реттеу департаментінің директоры Жазира Шүйкебаева былай деп жауап берді: «ЕЭҚ-ның «Жоғары вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің жобасын Қазақстан Республикасы отандық электротехникалық машина жасау мүдделеріне елеулі қарама-қайшылыққа байланысты қабылдамады. Сонымен қатар, жоба нұсқасы тапсырыс берушінің қосымша сертификаттауды талап ету құқығын жоққа шығармайды. Осыған байланысты тиісті ұлттық техникалық регламенттерді әзірлеу қажеттілігі алға шығады».

«Қазстандарт» РМК Техникалық реттеуді үйлестіру орталығы басшысының орынбасары Ғалым Мұқыжановтың мәліметінше, «Тұтынушылардың нашар тартылуына байланысты жоғары вольтты жабдықтарға қатысты ұлттық техникалық регламенттерді әзірлеу біршама артта қалып отыр».

Екінші блокта энергетикалық электр желілері объектілерін жобалау кезінде жергілікті өндірісті дамытуға байланысты мәселелер талқыланды. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық жобалаушылар қауымдастығының атқарушы директоры Қадиша Беккулиева бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу, сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнамада, әкімшілік кодексте және жобаларды сараптау қағидаларында елішілік құндылықты қамтамасыз ету жөніндегі талаптар бар екенін түсіндірді. Алайда, бұл талаптарды орындауда тиісті жауапкершілік көрсетілмейтін мәселелер бар. Сонымен қатар, тұтынушылардың жеткіліксіз хабардар болуы, әлсіз маркетинг және отандық өндірушілердің тізілімдерінің көптігі секілді мәселелерді де ескеру қажеттігін айтты.

ҚР ӨҚМ Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаментінің директоры Нұрлан Кеңесов уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушы тапсырыс берушілермен жұмыс істей отырып, ұзақ мерзімді келісімшарттар, елішілік құнды дамытудың міндетті бағдарламалары және өнеркәсіп тауарларының бірыңғай тізілімі бойынша міндеттемелерге назар аударатынын атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алу саласында қысқа мерзімді бюджеттеуді ескере отырып, ұлттық режимнен алу практикасын кеңейту және офтейк-келісімшарттарды енгізу қаралуда. Бұл ретте ҚР ӨҚМ жұмыстар мен қызметтерді сатып алу үшін лоттардан құрал-жабдықтар мен тауарларды бөлуді қоса лағанда «Самұрық-Қазына» АҚ табысты тәжірибесіне сүйенеді.

 
«PSA» ЖШС бас менеджері Қазбек Әубәкіров «Кілтке тапсырылған» EPC келісім-шарттары, соның ішінде тауарларды жеткізу әлемдік тәжірибе болып табылатынын және оны «Үлкен үштік» (ТШО, КПО, НКОК) қолданатынын атап өтті. Дегенмен, отандық тауар өндірушілердің мүддесін ескеру жұмыстары жалғасады.

Үшінші блокта отандық тауар өндірушілердің өкілдері сөз сөйледі.

«Бёмер Арматура» ЖШС директоры (өшіру клапандарының өндірісі) Андрей Кефер көптеген заңнамалық шешімдер бар екеніне назар аударды, бірақ олар жиі жұмыс істемейді, бұл әлі де «қолмен» бақылауды қажет етеді.

«Karlskrona LC AB» ЖШС (сорғы өндірісі) атқарушы директоры Талғат Алпысбаев бұл тезисті қолдады, атап айтқанда өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне көшу мәселесі бойынша: «Құжаттың қалай аталатыны маңызды емес, түптеп келгенде, бәрі сараптамаға түседі – жаңа тізілімді құру куәлікке сенім мәселесін шешуге кепілдік бермейді».

«Астана электртехникалық зауыты» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі директоры Асылхан Манатов отандық өнімнің сапасының төмендігі туралы сақталып келе жатқан стереотипке және қазақстандық өнімдердің сапасы шетелдіктерден кем түспейтінін ескере отырып, оны өзгерту қажеттілігіне назар аударды.

Іс-шара аясында конференцияға қатысушылар сондай-ақ «Азия Трафо» ЖШС (Шымкент қ.), «Кентау трансформатор зауыты» АҚ (КТП), Қазақстан-Германия политехникалық колледжі және Кентау қаласындағы «КТП» АҚ жанындағы студенттерге арналған құзыреттілік орталығының жұмысымен танысты.




Қарау саны: 807
Сақталған: 23.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!