Климаттық саясатқа теріс реакция артып келеді

09.11.2023

Ағымдағы жылдың күз мезгілінен бастап дамыған елдердегі халықтың тиісті үкіметтер жүргізіп отырған климаттық саясатқа наразылығының күрт өсуі бөлігінде қызықты жағдай қалыптасуда: 
  • климаттың өзгеруі әлеуметтік-экономикалық дамуға үлкен қауіп төндіреді деп санайтын дамыған елдердегі халық үлесінің өсуіне қарамастан, тек 30%-і тиісті шараларды/әрекеттерді қаржыландыру үшін көбірек салық төлеуге дайын (Франция, Италия, Канада және Жапонияда 20%-тен аз) (Pew, 2022);
  • оң (барынша консервативті) және сол (барынша либералды) халық арасында климаттық өзгерістердің маңыздылығын түсінудегі алшақтық артып келеді. Мысалы, Австралияда, Канадада, Германияда, Нидерландыда және Швецияда алшақтық 22-ден 44 проценттік тармаққа дейін, АҚШ-та 63 проценттік тармаққа тең;
  • популистік идеялардың күрт өсуі байқалады: «электромобильдерді сатып алуға арналған әрбір субсидия Қытай бюджетіне жіберіледі» (Қытайда электромобильдерге арналған барлық аккумуляторлардың 50%-тен астамы өндіріледі); «климаттың өзгеруіне тек дамушы елдер жауап береді»; «климаттық саясат және қатаңдату – бұл элитаның орта топты одан әрі банкротқа ұшыратуға арналған кезекті ойыны»; «жасылдардың қолынан келетіні – тыйым салу» және т.б. 


Нәтижесінде ағымдағы саясаттың немесе бастаманың кейбір күшейтілуі қайта қаралады.
 
Осылайша, Ұлыбританияда нөлдік көміртегі бейтараптығының нысаналы көрсеткіштерінің әлсірегені туралы жарияланды, оның ішінде 2030 жылдан 2035 жылға дейін бензин және дизельді автомобильдерді сатуға тыйым салуды кейінге қалдыру енгізілді, жалға берілетін жылжымайтын мүлік үшін энергия тиімділігінің нысаналы көрсеткіштері жұмсартылды, үй иелерін газ қазандықтарын жылу сорғыларына ауыстыруға мәжбүрлеу жоспарларынан бас тартылды. Бұған қоса, 2023 жылдың жазында елдің солтүстік теңізі мен шығыс жағалауында мұнай мен газ өндіруге 100-ден астам жаңа лицензия мақұлданды.  

Германияда өкілдер билігінің бір бөлігі көптеген үй шаруашылықтарының қаржылық жағынан да, инфрақұрылымның болуы жағынан да дайын болмауына байланысты үйлерді жылыту қағидаларын қатаңдатуды бірнеше жылға шегеру туралы ұсыныс жасады. 

Адамдардың тек 4%-і климаттың өзгеруі қауіп төндірмейді деп санайтын Швецияда қазба отынына салынатын салықтар 2022 жылдан бері бірнеше рет төмендеді. 

Францияда энергетикалық ауысу «әлдеқайда баяу» болуы керек деп есептеп, климаттық жоспар қайта қаралуда.  

Дамыған елдерде «қарсылықтың» өсуі, негізінен, орта таптың тұрмысына қатысты қысқа мерзімде мәжбүрлеу шараларының едәуір санын енгізумен түсіндіріледі.

Осыған байланысты, дамушы елдердің үкіметтері көміртегі бейтараптығына қол жеткізу/төмен көміртекті дамуға көшудің ағымдағы саясатын әзірлеу кезінде дәйекті және прагматикалық климаттық саясатты қалыптастыра отырып, дамыған елдердегі қалыптасқан жағдайды ескеруі тиіс.




Қарау саны: 656
Сақталған: 24.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!