Мемлекеттік бюджеттің кірістері: 2023 жылдың 1 қазаны

22.11.2023

Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 17 205,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 329,5 млрд теңгеге немесе 15,7%-ке артық.

Мемлекеттік бюджет кірістерінің өсуі салық түсімдерінің оң серпінімен қамтамасыз етіледі. Осылайша, бюджетке салық түсімдері 24,9%-ке өсті, абсолютті мәнде өсім 2 655,9 млрд теңгені құрады.

Салық түсімдерінің құрылымында ҚҚС 2023 жылдың алғашқы 8 айында ең жоғары өсімді көрсетті. Мәселен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ҚҚС түсімдері 1 082,5 млрд теңгеге (+35,8%) өсті. Бюджеттік салық түсімдерінің өсуіне оң үлес КТС-тің 537,7 млрд теңгеге (+20%) және жеке табыс салығының 385,4 млрд теңгеге (+34,7%) өсуімен де байланысты.
 

Алайда, кірістердің ұлғаюына қарамастан, мемлекеттік бюджет кірістерінің орындалуы 97,6% құраса, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша кірістер ағымдағы жылдың нақтыланған бюджетінің 69,7% ғана құрап отыр. Сонымен қатар, 2022 жылы осы кезеңде бюджет түсімдерінің орындалуы 103,6% құрады, бұл өткен жылғы жоспарлы кіріс көлемінің 76,2% құрады.

Осылайша, 2023 жылдың соңғы тоқсанында мемлекеттік бюджет 31,3%-ке немесе 7 439,4 млрд теңгеге толықтырылуы тиіс. Сонымен бірге, 2022 жылдың дәл осындай кезеңінде бюджетке тағы 4 626 млрд теңге жинау қажет болды.

Дегенмен, қараша айының ортасындағы салық апталығын ескере отырып, мемлекеттік бюджетке қомақты көлемде салық түсімдерін жинауға мүмкіндік туады деп күтілуде.

2023 жылдың нақтыланған бюджетін толық орындау үшін, бұрын айтылғандай, 7 439,4 млрд теңге қажет болса, 2022 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік бюджетке 5 420,5 млрд теңге жиналды. Яғни, ағымдағы жылдың соңғы 3 айында мемлекеттік бюджет кірісі жоспарын орындау үшін бюджет кірістері үштен бір есе артық болуы керек.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары: 2023 жылдың 1 қазаны

2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің шығыстары 19 429,5 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ке немесе 3 950,2 млрд. теңгеге артық. 

Функционалды топтар тұрғысынан ең үлкен шығыстар бөлінісі:
1. Білім. 9 айдағы шығындар 3 939,4 млрд. теңгені құрады, бұл реттегі өсім 715,8 млрд. теңге (+22,2%);
2. Әлеуметтік көмек және оны қамтамасыз ету. 2023 жылдың 3 тоқсанында 3 905,9 млрд. теңге жұмсалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 582,5 млрд. теңгеге (+17,5%) артық;
3. Борышқа қызмет көрсету. Қарыз бойынша пайыздарды төлеуге 1 150,3 млрд. теңге бөлінді, өсім 467,8 млрд. теңгені (+40,8%) құрады
4. Денсаулық сақтау. Халықтың денсаулығын қамтамасыз етуге 1 658,1 млрд.теңге жұмсалды (+14,6%). 


Бұл ретте 2023 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджет шығыстарының орындалуы 99,4%, ал нақтыланған шығындар жоспарының жалпы 2023 жылғы үлесі 67,6% құрады. Өткен жылы 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарының орындалуы 98,2% құраса, 2022 жылға нақтыланған бюджеттің үлесі 67,7% құрады.
 
2023 жылғы 1 тамыздағы мемлекеттік бюджет балансы

Мәселен, 2023 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет балансы 2 223,6 млрд теңге сомасында тапшылықта болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7 есеге артық. Бұл ретте шикізаттық емес тапшылық небәрі 1120,2 млрд теңгеге (20,3%) өсті.

Әдеттегідей, бюджет тапшылығының кеңеюі кірістердің азаюымен бюджет шығыстарының айтарлықтай ұлғаюының салдары болып табылады.


Қарау саны: 832
Сақталған: 16.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!